Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2621 0 пікір 22 Наурыз, 2012 сағат 08:44

Ардақ Нұрғазыұлы. Жер деген осынау жұлдызда

Сейфулин көшесінің бойында тұрған жігіттердің
Аты - жұмыссыздық.
Оларда түн деген болмайды.
Олардың аспаны қашан да ашық.
Төбелерінен уайым деген күн 24 сағат шақырайып тұрады.
Күшті жарықтан көздерін жұмса,
Көретіндері мойынына оралған ескі таныс - мұқтаждық.
Олардың отбасының аты - бір үзім нанға зарығу.
Әйелінің аты - кірбеңдік.
Жылаған ұлы мен қызының аты - өмірден өгейлік көру.
Қарлы боран мен жауын-шашын олар үшін
ауысып келетін мезгіл емес,
Өзін ұмыту, қала берді өмір сүру.
Бірақ,  оларды  уақыт бір сәт ұмытпайды,
Ұмытпайтындықтан, көшеде тұрған олар әрбір минут-секундты
санайды.
Бұл санаудың аты - торығу.
Айғай салған адамдай білекте күш бұлқынғанымен,
Оның аты - үнсіздік.
Өйткені, оның қасында жер шұқып тұрған досының аты
- лажысыздық.
Кешір, осылай дегенімді,
Себебі,  оның іргесіндегі қанатын кеңге жайған,
Биік қорғаны бар көршісінің аты - өзгеге жаны ашымау
Және тасбауырлық.

Жер деген осынау шарда
Біздер қала салып, көшелер тұрғыздық.
Оның атын парасат деп атадық.
Онымыз күн күркіреп, найзағай шатырласа,
Сәбиімізге қорған болады дедік.

Иә, қорғандар көбейді, бірақ...
Сірә, қателескен жоқпыз ба?!
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394