Сейсенбі, 29 Қазан 2024
2658 0 пікір 17 Ақпан, 2021 сағат 15:22

OLIMPKZ-тен 3,6 миллиард теңге тәркіленді

Алматы қаласының прокуратурасы OLIMPKZ букмекерлік кеңсесінің мүлкін тәркілеу туралы шешім жасағанын мәлімдеді.

- Алмалы аудандық соты 2021 жылы 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған "OLIMPKZ" Букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

Сот актісімен 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды, - делінген хабарламада.

Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

Abai.kz

0 пікір