Сенбі, 23 Қараша 2024
2310 0 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 11:20

Дизайнер Bisen-нің өліміне кінәлі адамға сот үкімі шықты

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дизайнер Bisen-нің өліміне айыпталушыға қатысты үкім шығарды. 

Сот Дүйсенғалиевті ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

«Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, Дүйсенғалиев қаза тапқан жігіттің отбасына 10 миллион теңге моральдық залал өтеуге міндетті», - делінген үкімде.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.

Бұған дейін сотталушы С.Дүйсенғалиев марқұмның отбасынан кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Ал, прокурор айыпталушының қамау мерзімін қысқартуды сұраған болатын.

Дизайнердің өліміне күдікті ретінде Алматыда 1991 жылы туған ер адам ұсталды. Ол марқұм кездескен қыздың ағасы. Күдікті қарындасы мен дизайнердің кездесуіне қарсы болғандықтан оны ұрып-соғып, өлтіргенін мойындаған.

Айта кетейік, 2020 жылы 18 қазанда әлеуметтік желілерде танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Bisen өмірден өтті.

Куәгерлердің айтуынша, ауладағы жанжалдың соңы төбелеске ұласып, көп ұзамай қарсыластардың бірі оқиға болған жерде қайтыс болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364