Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2774 0 пікір 26 Наурыз, 2012 сағат 11:10

Атырауда лаңкестік әрекетке байланысты айыпталушының үстінен сот басталды

Атырауда лаңкестік әрекетіне қатысы бар деген бір топ айыпталушылардың үстінен сот басталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сот алдында 47 адам жауап береді. Олардың барлығы лаңкестік әрекет, лаңкестікті насихаттау,  лаңкестік топ құру және оған қатысу, сонымен қатар экстремизмді немесе лаңкестікті  қаржыландыру бойынша айыпталып отыр. Айта кетейік, айыпталушылардың жасы 21-32 аралығында.

Жалпы қылмыстық іске екі факті біріктірілген. Бірінші факті бойынша Атырау және көрші облыстардың аумақтарында лаңкестік актілерді жасауға дайындалды деген күдікпен 42 адам айыпталып отыр. Олар 2011 жылдың тамыз-қыркүйек айының соңында ұсталды. Ұстау барысында қарсылық көрсетпек болған күдіктілердің біріне оқ тиіп, көз жұмды.

Екінші факті бойынша 5 адам айыпталып отыр. Оларға 2011 жылдың 1 қазанында облыс әкімдігі мен қалалық прокуратураның маңында екі жарылғыш затты іске қосқан жанкештінің лаңкестік әрекетіне қатысы бар деген айып тағылды.

Лаңкестік актілерді дайындаған барлық айыпталушылар сот алдында жауап береді. Бұған дейін де Атырау облысы прокурорының көмекшісі Ләззат Нұрмағамбетова хабарлағандай, күдіктілердің басым дені шет мемлекеттерде. Прокуратура олардың қай елде екендіктерін айтпады. Дегенмен, тергеу барысында  олардың Пәкістан мен Ауғанстан мемлекеттерімен байланысы бар екендігі мәлім болды. Бұған дейін күдіктілердің бірі Украинада ұсталды, ол Киевтің маңында  жасырынып жүрген.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5362