Жұма, 22 Қараша 2024
3748 0 пікір 24 Ақпан, 2021 сағат 14:04

Киевте президент кеңсесі алдында қақтығыс болды

Украина кеңсесі ғимараты мағында "Оңшыл сектор" жетекшілерінің бірі Сергей Стерненкоға шығарылған үкімге наразы ұлтшыл партиялар мен қозғалыстардың мыңдаған жақтасы полициямен қақтысып қалды.

Хабарларға қарағанда, ғимарат маңында полиция қоршауын бұзып өтуге талпынған наразы топ оларға фаер мен петард лақтырды. Полиция болса көзден жас ағызатын газ қолданды. Қанша адам ұсталғаны және жараланғаны белгісіз.

Бұның алдында Одесса соты "Оңшыл сектор" ұйымының (Ресейде экстремистік ұйым деп танылған) жергілікті бөлімінің бұрынғы жетекшісі Сергей Стерненконы кісі ұрлады және азаптады деген айыппен 7 жыл 3 айға соттады.

Стерненко 2015 жылы жергілікті кеңес депутаты Сергей Щербичті ұрлап әкетіп, оны босату үшін 300 мың гривен (10 мың доллар) талап еткен деп хабарланды. Бірақ күдікті тағылған айыпты жоққа шығарып, істің саяси астары барын мәлімдеген. Сот үкімі шыққан соң оның телеграм-арнасында 23 ақпанда Киевте Украина президенті кеңсесі алдында наразылық акциясына шығуға үндеген жазба жарияланды.

Сергей Стерненко Еуромайдан кезінде Одессадағы белсенділердің бірі болды. 2014 жылы Киевтегі Майданға қатысқан, одан соң "Оңшыл сектордың" Одессадағы бөлімін басқарған.

2018 жылы саясаткерге үш мәрте шабуыл жасалды. Бір мәрте шабуыл жасаған бір адам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Стерненко қорғануға мәжбүр болғанын айтты. Полиция шабуылдаған адамның қазасын қасақана кісі өлтіру қылмысы ретінде тергеп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321