Трамп жарлықты былтыр шығарып, коронавирус пандемиясына байланысты америкалықтарды жұмыссыздықтан қорғайтынын мәлімдеген. Шетелдіктердің бірқатар категориясы үшін өлкеге кіруге тыйым салынған жарлық 2020 жылдың соңына дейін күшінде болған, бірақ Трамп оны наурыз айының соңына дейін ұзартты.
Миграция мәселелері бойынша заңгерлердің айтуынша, Трамптың жарлығы көптеген иммигарциялық визаларға бөгет қойған. Иммигранттар отбасы мүшелерімен АҚШ-қа кіру құқығынан ажыратылған. Денсаулық сақтау салалары бойынша жұмыс істейтін кәсіп иелерінен басқа шетелдіктерге жұмыс визасы берілмей қалған.
Abai.kz