Әбіләзовтың оққағары жарылыс жасай жаздапты
Еліміздің Бас прокуратурасы осындай мәлімет таратып отыр. Бас прокуратура өкілінің журналистреге берген мәліметіне сүйенсек, ҰҚК 24 наурызға жоспарланған терактының алдын алғанға ұқсайды. Жарылысты Алматы қаласы әкімшілігінің алдында, әл-Фараби даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер өтетін жолда, сондай-ақ «Фэмили» саябағы мен Әуезов ауданындағы «Сары-Арқа» кинотеатрының артында жасауды ұйымдастырмақ болған БТА банктің экс-басшысы, Батыста бой тасалап жүрген Мұхтар Әбіләзовтың жеке оққағары - Александр Павлов деген көрінеді.
«Александр Павлов Мұхтар Әбіләзовке БТА банктің қаржысын ұрлауға көмектескен адам. 2009 жылы ол Әбләзовтың жеке архивіндегі БТА банкті корпортивті басқарудың бизнестік жолдары жазылған қатты дискілерді жымқырып шығып, Ұлыбританияға тайып тұрған, содан қайтып Қазақстанға келген емес» деп жазылған Бас прокуратура таратқан баспасөз баянында.
Александр Павлов 1975 жылғы екен. Оның қайда туылғаны, қайда өскені әзірге белгісіз. Белгілісі - М. Әбіләзовтың ең сенімді серіктерінің бірі екен. Ол жарылысты тіркелмеген «Алға» партиясы жетекшілерінің бірі, қазір шетелде тұратын Мұратбек Кетебаевпен кеңесе отырып жасмақ болыпты. Террорлық әрекет жасау үшін Павловқа 25 мың доллар берілген. Павлов берілген қаржының 15 мың долларын «игеріп» те үлгеріпті.

«Қазір күдіктілер қамауда. Оларға ҚР ҚК-нің 233 бабының (террорлық әрекет)» 1 тармағы бойынша айып тағылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» дейді Бас прокуратура өкілі.
«Сақтықта қорлық жоқ» деген қазақ. Тап әлгіндей іске оққағарын итермелеп қалтасына қаржы салып берсе, Әбіләзовты шынмен Құдай атқан екен. Алайда скептиктер (ықтимал оқиғаның болуына сенбейтіндер) «бұны билік Жаңаөзен сотына саяси астар таңыу үшін жария етіп отыр» деседі. Расында, Бас прокуратураның баспасөз баянында «жарылыс жасамақ болғандар діни ағымдармен байланыс орнатып, ел ішінде ұлтаралық, дінаралық жанжал туғызуды көздеген» деп жазылған.
Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыздың қарасыңында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов көшелерге алашұбар киінген әскерилерді жауып, қаланың қауіпсіздігін барынша арттырған болатын. Ал, митинг өткізуге рұқсат сұрай барған оппозиция өкілдеріне қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов: «24 наурызда «Сары-Арқа» кинотеатрының артына барыңдар, жиындарыңды сонда өткізіңдер, басқа жерден орын берілмейді» деген болатын. Құзырлы органның баспасөз баянындағы сөзге сенсек, Павлов пен оның айналасына ұйысқан топ дәл сол 24 наурыз күні аталған кинотеатрдың артында жарылыс жасамақ болып әрекеттеніпті.
«Абай-ақпарат»