Депутаттар ана капиталын енгізуді ұсынды
Қазақстандық депутаттар бала күтіміне арналған жәрдемақыны көбейту керектігін айтты. "Бұл демографияға жағымды әсері болатын әрекет" деп хабарлайды Liter.kz.
Ұсынысты депутат Айжан Сқақова жасады. Оның мәліметі бойынша, жұмыс істемейтін әйелдер ай сайын бірінші балаға 5,76 АЕК (16801 теңге) алса, төртінші баладан кейін 8,90 АЕК (25962 теңге) алады. Бұл өте аз.
Мысалы Қазақстанда статистика бойынша әр жазасын өтеушіге ай сайын орта есеппен 88,5 мың теңге жұмсалады. Ал бала күтімі бойынша жәрдемақы тек қана бір жыл төленеді.
Депутат Айжан Сқақова декреттік демалысты 2 жылға дейін созуды ұсынды. Себебі баланы балабақшаға беру мерзімі 2 жастан кейін қолайлы. Сондай-ақ бала күтіміне берілетін жәрдемақы көлемін арттыруды да қарастыру керектігін айтты.
Депутат Ерлан Смайылов болса ана капиталын енгізу қажет деп санайды. Ол бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 4.2 млн теңгені құрауы тиіс деп есептейді. Ол қаржыға ата-аналар үй алуға, баланы оқытуға жұмсай алатын болуы қажет деген ұсынысын айтты.
Abai.kz