Грузия Ресейді Қазақстанмен алмастыруда
"Грузия ресейлік астықты қазақстандық астыққа ауыстыруды көздеп отыр" деп мәлімдеді Нан өнімдерін шығару ассоциациясының басшысы Леван Силагава. Бұл туралы Trend.az сайты жазды.
Грузия мұндай қадамға Ресей тарапынан шекаралық салықты өсіріп жіберуінен кейін баруға мәжбүр болуда. Астық дефициті туындамауы үшін Грузия астықтың бір бөлігін Қазақстаннан алуға шешім қабылдап отыр. Бұл қадам ресейлік астыққа деген тәуелділікті азайтады.
"1-наурыздан бастап Ресей астық тоннасына 50 еуро көлемінде салықты өсірді. Ресей әлемдегі астық өсіру бойынша көшбасшы елдердің бірі. Біз Қазақстаннан астық сатып алу арқылы ресейлік импортты азайтамыз. Қазақстаннан бөлек Румыния, Украина елдерін де қарастырып отырмыз. Біз Ресейдің астығынан толық бас тарта алмаймыз, себебі Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі аздау. Сондықтан ресейлік астықтың бір бөлігін ғана алмастырамыз", - деді Силагава.
Қазіргі уақытта Грузияда 2-айға жететін астық бар.
Abai.kz