Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4201 0 пікір 11 Наурыз, 2021 сағат 18:07

ҚЖО мен Алматы музейлер бірлестігі меморандумға қол қойды

Кеше, 10 наурыз күні Қазақстан Жазушылар одағы Алматы қаласы музейлер бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандумға сәйкес аталған мекемелер өскелең ұрпаққа эстетикалық тәлім-тәрбие беретін, отансүйгіштікке баулитын бағдарламаларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар,  көрмелер, мәдени-ағарту іс-шаралары мен экскурсиялар ұйымдастырып,  көрнект қаламгерлердің шығармашылық өмір жолы, қоғамдық қызметі мен  ізденістерін жан-жақты насихаттау  барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Алдағы уақытта тараптар Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық меретойына орай көшпелі көрме ұйымдастыру, Бірлестікке кіретін музейлерде ақын-жазушылармен шығармашылық кештер өткізу сынды көптеген әдеби-мәдени шараларды бірлесіп атқарады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1941
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4756
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3906