ЕО: Ресей мен Қытайға санкцияны күшейтеміз
Еуроодақ елдері адам құқығын бұзған Ресей, Қытай және өзге елдерге санкцияны күшейту бойынша талқылаулар өткізді.
Қытайдың, Ресейдің, Солтүстік Кореяның, Эритреяның, Ливия мен Оңтүстік Суданның ресми тұлғалары адам құқығын өрескел бұзғаны үшін санкциялық тізімге қосылмақ. Бейсенбі күнгі талқылау барысында одақ мүшелері санкциялар тізімін кеңейтуді толық қолдады.
Санкция салынған тұлғалар Еуропаға кіре алмайды, олардың есепшоттары бұғатталады. Санкциялық тізім 22-наурызда бекітілуі мүмкін. Алексей Навальный ісіне қатысты Еуроодақ Ресейге 2-наурызда санкция салған болатын.
Abai.kz