$161 млрд қарыз қай салаларға тиесілі?
Қазақстанның сыртқы қарызы шамамен $161 млрд құрады. Ал, қарыздардың басым көпшілігі тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді игеруге тиесілі екен. Бұл туралы LS сайты жазды.
Ұлттық банктің деректері бойынша 2020 жылғы I қазандағы жағдай бойынша сыртқы борыш $160,9 млрд жетті, салалар бойынша ең көп берешек тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді игеруге тиесілі – $88,1 млрд, бұл ретте бір жыл ішінде міндеттемелер 5,7%-ға өскен. Бұдан әрі кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет секторы. Оның қарызы 14,5%-ға қысқарып, шамамен $4 млрд құрады. Келесі орында мемлекеттік басқару және қорғаныс саласы – $12,4 млрд (-3,1%).
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің қарызы $11,5 млрд-қа жетті, бір жыл ішінде ол 5,5%-ға өскен. Көтерме және бөлшек сауданың берешегі $8,8 млрд (+1,1%), ал көлік және қоймалау секторының берешегі – $8,5 млрд (-17,4%).
Сонымен қатар, қаржы және сақтандыру қызметтерінің міндеттемелері бір жыл ішінде $500 млн-ға, $7,5 млрд-қа дейін ұлғайса, ал құрылыс – $200 млн-ға, $3,3 млрд-қа дейін қысқарды.
Ең аз қарыз денсаулық сақтау, ойын-сауық және әлеуметтік қызметтер салаларында – $240,7 млн және сумен жабдықтау – $142,6 млн.
Abai.kz