Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3634 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 06:00

Бауыржан Бабажанұлы. ҚЫЗКҮТКЕН

Бір қыз бар Ақтөбеде, аты - Көктем,
Қалқамның көркем еді нәті неткен!
Бірақ та  әкесінің түсі суық,
Қыс деген - аты да өктем, заты да өктем.

Аузынан шыққан сөзі, сірә, балдай,
Жігіт ем  қай қызға да ұнағандай.
Далада тұрмын, міне, діңкем құрып,
Еркемді үйден сыртқа шығара алмай.

«Бұл кім, әй?
Бұлай тұрған жарамайды».
Барақ-Жел  айнала үріп, абалайды.
Боз бұлттың жабығынан сығалаған,
Сұлу  Ай күліп,  мені табалайды.

Ойлар кеп бірі мәнсіз, бірі мәнді,
Көңілім көкке қарап ұлыған-ды.
...Түшкіріп, қақырынып-түкірініп,
Қырсық шал жатпай, ұзақ жүріп алды.

Кеудемді тағы күдік кескіледі:
«Ай, осы қашан маған ес кіреді».
Кетейін десем, сол сәт,
Қалқатайдың
Сыңғыры шолпысының естіледі.

...Барақ-Желдің үні өшті абалаған,
Қырсық шал да қисайды... (Шамалағам).
«Шығады ол. Әні-міне кеп қалады...»
Жүрегім алдамайды!
Сенем оған...
«Абай-ақпарат»

Бір қыз бар Ақтөбеде, аты - Көктем,
Қалқамның көркем еді нәті неткен!
Бірақ та  әкесінің түсі суық,
Қыс деген - аты да өктем, заты да өктем.

Аузынан шыққан сөзі, сірә, балдай,
Жігіт ем  қай қызға да ұнағандай.
Далада тұрмын, міне, діңкем құрып,
Еркемді үйден сыртқа шығара алмай.

«Бұл кім, әй?
Бұлай тұрған жарамайды».
Барақ-Жел  айнала үріп, абалайды.
Боз бұлттың жабығынан сығалаған,
Сұлу  Ай күліп,  мені табалайды.

Ойлар кеп бірі мәнсіз, бірі мәнді,
Көңілім көкке қарап ұлыған-ды.
...Түшкіріп, қақырынып-түкірініп,
Қырсық шал жатпай, ұзақ жүріп алды.

Кеудемді тағы күдік кескіледі:
«Ай, осы қашан маған ес кіреді».
Кетейін десем, сол сәт,
Қалқатайдың
Сыңғыры шолпысының естіледі.

...Барақ-Желдің үні өшті абалаған,
Қырсық шал да қисайды... (Шамалағам).
«Шығады ол. Әні-міне кеп қалады...»
Жүрегім алдамайды!
Сенем оған...
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364