Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
4698 8 пікір 17 Наурыз, 2021 сағат 15:50

Кәрім Мәсімовтің кітабы шықты

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың  «Келешектің әміршісі жасанды интеллект» атты кітабы шықты.

Кітап жасанды интеллект пен жалпы технологиялардың негізгі даму кезеңдерін ашатын 7 тараудан тұрады. Әр тарауда тарихи фактілер, ғалымдардың болжамдары және болашақтың мүмкіндіктері көрсетіліпті.

Мәсімовтың айтуынша, аталған кітапты жазуға Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабыттандырған.

- «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мені осы кітапты жазуға шабыттандырып, маңызды рөл атқарды:

2018 жылдың қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында ол өз сөзінің басым бөлігін Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізу қажеттілігіне арнады»,- деп жазады автор.

Сонымен қатар ол, Назарбаевтың 2018 жылғы желтоқсанда 13 000-ға жуық тұрғыны бар шағын әкімшілік орталықта іске асырылған Қазақстандағы алғашқы «ақылды қала» пилоттық жобасы — «Smart Aqkol»-ге барып қайтқаны ерекше ой салғанын айтады.

Одан бөлек, Ақкөл қаласының жоғары жылдамдықтағы интернетпен «қамтылғаны», сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар, жер туралы ақпаратпен қатар, инженерлік және инфрақұрылымдық желілер туралы ақпараты бар көпқабатты цифрлық карта құрылғаны туралы мәліметке тоқталған.

- «Мен осы экспериментті еліміздің барлық 17 ірі және 200-ден аса шағын қалаларына тарату қажет екеніне сенімдімін. Бұл барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты үшін аса пайдалы және жасанды интеллект жүйелерін пайдаланудың үлгілі мысалы болар еді! Бірақ ЖИ ақылды қалалар құрып қана қоймай, одан да зор мүмкіндіктер ұсынады», -дейді Мәсімов.

Ал, кітап мұқабасындағы түпнұсқа фотосуретте Кәрім Мәсімовтың ата-бабалары туған Ақсу жері көрсетілген.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімовтің Халықаралық құқық маманы, экономика ғылымдарының докторы, екі мәрте премьер-министр, Президент әкімшілігінің басшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстанның жекпе-жек қауымдастығының президенті, триатлет деген лауазымдары бар.

Abai.kz

8 пікір