Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
5066 2 пікір 18 Наурыз, 2021 сағат 13:37

Қос азаматтығы барларды жұмыстан шығару керек

Сенатор Нұржан Нұрсипатов құқық қорғау органдарындағы қос азаматтығы бар қызметкерлерді жұмыстан босату керек деп есептейді. Ол үшін мемлекеттік қызметшілердің қос азаматтығы анықталған жағдайда еңбек шарттарын бұзу сияқты заңнамаға түзетулер енгізу маңызды.

Депутат Еңбек кодексі мен "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға енгізілген түзетулер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылмайтынын атап өтті. Олардың салалық заңдарында мұндай нормалар мүлдем жоқ.

- Біздіңше, қабылданған шаралар одан әрі жүйелі және дәйекті дамытуды қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздің құқық қорғау қызметі туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, арнаулы мемлекеттік органдары туралы салалық заңдарда шет мемлекеттің азаматтығы қызметтен шығару үшін дербес негіз ретінде қаралмайды, - деді Нұржан Нұрсипатов.

Сенатор сонымен қатар бұл бөлімдегі заңнамалық нормалар алдын-алу болуы керек деп санайды. Яғни, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтықтан шығу фактісі бойынша емес, олардың өздері, жұбайлары немесе жақын туыстарының осындай ниет білдірген кезден бастап өз басшылығын хабардар етуі тиіс.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 429
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1600
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 399
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 377