Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2356 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 14:28

Қарағандыда тұрғын үйдің опырылып құлау фактісі бойынша мамандандырылған прокурор қылмыстық іс қозғады

Қарағандыда «Бесоба» кешеніндегі бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігінің опырылып құлау фактісі бойынша мамандандырылған прокурор ҚР ҚК-нің 307 бабы (Қызметтік өкілеттігіне қиянат ету) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы құрылуда», - деп хабарланды облыстық прокуратурадан.

Бұған дейін, үлескерлік қатысумен үш жыл бұрын салынған «Бесоба» тұрғын үй кешенінің №7 үйінде туындаған апатты жағдай фактісі бойынша, материал тергеу алды тексеруді және процессуалдық шешімді қабылдау үшін Қарағанды облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлары басқармасына өндіріске жіберілген болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қарағандыда сағат 10.55-те «Бесоба» кешеніндегі бес қабатты үйдің 4 кіреберісі бар блогы опырылып құлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш тұрғын үйде 1 сәуір күні салмақ түсетін негізгі құрылыс конструкциялары бұзылған болатын.

Апатты үйден 138 адам көшірілді. Қарағанды әкімдігінің 3 сәуірдегі өкімімен үйге ТЖ режимі енгізілді.

Үйдің құрылысымен айналысқан «Сервиспромснаб» ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты қаржы полициясы үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу үстінде. Алданған үлескерлердің ақшасын жымқырып, бой тасалап жүрген компания басшысына іздеу жарияланды.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397