Клара НАҚЫП. Ауылдың несібесіне неге ортақтасады?
Биыл білім гранты көбірек бөлінетін мамандықтардың қатарында ауылшаруашылық ғылымдары да бар. Осы сала бойынша жоғары білім аламын деушілерге мемлекет 1 600 грант ұсынып отыр.
Оның ішінде агрономияға - 540, агроинженерияға - 258, су ресурстары және суды қолдануға - 158, зоотехнияға - 130, топырақтану және агрохимияға - 130, балық шаруашылығына - 120, орман шаруашылығы ісіне - 100, аңшылық тану және аң шаруашылығына - 40, жеміс-көкөніс шаруашылығына - 30, мелиорация, жерді баптау және қорғау мамандығына да 30 грант тиіпті. Қош! Ендігі мәселе осы білім грантының қаншасы ауыл жастарына бұйыратындығында болып тұр.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті басшылығының мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары аграрлық мамандықтар бойынша оқуға түсушілердің қатарында қала жастарының үлесі арта түсуде. Бір қарағанда, бұл жайтқа қуану керек сияқтымыз. Бірақ олай ете алмаймыз. Оның үш себебі бар.

Біріншіден, «Білім беру грантын беру ережесіне» сәйкес талапкер құжаттарды тапсыру кезінде бірден төрт мамандықты таңдай алады. Ол конкурс бойынша таңдаған 4 мамандығының бірінен өте алмаса, екіншісіне, не үшіншісіне, болмаса төртіншісіне түсіп кетуі мүмкін. Ол үшін тест тапсырған кездегі таңдау пәніңіз сәйкес келсе болғаны. Қала жастары «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей жолмен таңдай салған «екінші», «үшінші» және «төртінші» мамандықтар ауыл жастары таңдаған негізгі мамандық болып шығады. Ал қалалықтардың білім деңгейі ауылдықтармен салыстырғанда біршама жоғары болатындығы белгілі. Осылайша, ауылдағы құрдастарының алдын ораған қала жастары білім грантын «қағып» кетуде.
Екіншіден, дәрігер немесе эколог (мәселен) болғысы келіп, бірақ конкурс бәсекесінен өтпей қалғандықтан амалсыздан ауылшаруашылық мамандығында оқып жүрген қалалықтардың көпшілігі оқуын бел ортасынан тастап кетеді немесе бітірген соң тағы бір мамандыққа қайта оқиды. (Бұл туралы біз газетіміздің №22 санында («Диплом кәдеге жарамай тұр») айтқан болатынбыз. Біздің сауалымызға жауап берген С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың биылғы түлегі - Айдос: «Агроном болып жұмыс істемеймін. Басында ҰБТ-дан жинаған ұпайыммен тек осы мамандыққа түсу мүмкін болғаннан кейін ғана, бос жүргенше деп оқи салғанмын. Дипломымды алған соң басқа мамандыққа тапсырамын», - деген болатын. Яғни, бұл - жоғары білімді маман дайындауға бөлінген мемлекет қаржысының қайтарымы жоқ деген сөз. Ал сол кезде аграрлық секторда мамандар жетіспей жатады.
Үшіншіден, ауылшаруашылық мамандықтарына бөлінген грантты тек ауыл жастарына берген тиімдірек секілді. Өйткені, «асфальтта туып, асфальтта өскен бала» әлгі аграрлық мамандықтар бойынша жоғары білім алып, дипломын қолына ұстағанымен, ауылға бара қоюы екіталай. Барған күннің өзінде көп тұрақтамайтынын көріп жүрміз. Сол себепті ауыл тек өзінің «төл балаларына» ғана арқа сүйей алады. Олай болса, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ең қажетті мамандықтарға берілген білім грантын неге тек ауыл жастарына үлестірмеске?..
Сондықтан Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттарын үйлестіру кезіндегі конкурста осы мәселеге мән берсе екен деген ой біздікі. Қала жастары өздері бәрібір кәдеге асырмайтын ауылдағы құрбы-құрдастарының «еншісіне» «қол салмай-ақ» қойсын да... Онсыз да, гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен берілсе, қалған 30 пайыз ғана ауыл жастарына арналып отырған жоқ па?
Клара НАҚЫП
«Нұр Астана» газеті 2 шілде 2009 жыл