Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
5193 0 пікір 31 Наурыз, 2021 сағат 13:48

Қазақстанда қанша бала вирус жұқтырған?

Наурыз айында балалар арасында коронавирус жұқтыру фактісі артқан. Бұл туралы брифинг барысында Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова айтты. 

"1 қаңтардан бастап 18 жасқа дейінгі 12862 баладан вирус анықталды. Наурыз айында вирус жұқтыру 5%-ға артты. Вирус жұқтыру мектеп оқушылары арасында көбеюде. Бұл жалпы болжанған еді, себебі біз наурыз айында тек қана  1-5, 9-11 класс оқушыларына емес, басқа класстағы оқушыларға да рұқсат еттік",  - деді Есмағамбетова.

"Мектептегі балалар арасындағы әлеуметтік қашықтық артқандықтан, зерттеу жұмыстарының нәтижесімен бөлісуді жөн көріп отырмын. Өкінішке орай вирустың британдық штаммы жастарға тез жұғады. Қарапайым коронавирусқа қарағанда британдық штаммды жұқтыру жастар арасында көбірек", - деді министрлік өкілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 353
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1021
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 322
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 303