Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 6110 30 пікір 2 Сәуір, 2021 сағат 16:54

Қожайынның колшоқпарлары

В.Мединскийдің мәңкіліне қарай...

Е, кеңбайтақ қазақ жеріне қызылкөздене қарағандар әу баста-ақ  болды ғой. Монғол да, жоңғар да, орыс та. Тәуелсіздік алғаннан беріде «орыстың ұлы жазушысы» А.Солженицын, «ұлы саясаткері» В.Жириновский сықпытты сұмпайылар «қазақта жер болмаған» деп те сандалды. Өзіміздің кейбір «бәрінбілгіштер»: «қазақта шекара болмады, мемлекеті болмады» деп қосыла «әндетті». Ал ол «хордың дирижері» В.Путин болып шықты. Қалайша ма?.. Былайша:

1994-жылы наурыз айында Петербургта халықаралық «Кербер қорының» кезекті мәжілісі болды. Қор мүшелері: АҚШ, Франция, Англия, Германия және басқа елдердің өкілдері жиналды.

Қор туралы қысқаша мағлұмат. Оны 1947-жылы Гамбург қаласының тұрғыны, ізгілік-игілік істерге құмар қоғам қайраткері неміс Курд Кербер ашқан. Халықаралық байланыстарды бейбіт жолмен дамытуды, ғылым, өнер жетістіктерін насихаттауды мақсат еткен. Оның КСРО-дағы бөлімі 1959-жылы Ленинградта ұйымдастырылған.

Мәжілісті қала мэрі Собчак ашып, құттықтап сөз сөйледі. Түскі үзіліске дейінгі уақытта жан-жақты пікір алысу байсалды жағдайда өтті де, түстен кейін шілдеде қапалақтап қар жауғандай жағдай болды. Мінберге бейтаныс жігіт көтерілді. Шағын бітісті, қытымыр жүзді. «Қала мэрінің орынбасары Владимир Путин» деп таныстырылды. Ол айтарын Совет Одағының ыдырағаны дұрыс болды деуден бастап, енді «ТМД» («Тәуелсіз мемлекеттер достастығын») құру ойластырылуда екенін айтып, оның қандай болуы керектігін түсіндіріп бақты да, Совет Одағының ыдырауынан Ресейдің байырғы біраз жері, мысалы, Қырымда, Солтүстік Қазақстанда қалып қойды, ол ол ма, тәуелсіздік алған республикаларда 25 миллион орыс қала берді, біз оларға бас-көз болуға тиіспіз, оларға қосазаматтық паспорт берілуі керек, деп  сұңқылдады. Көпшілік бірден наразылық танытты. Президент Б.Ельциннің ұлт мәселелері жөніндегі кеңесшісі Эмиль Паин: Мұндай көзқарас күні ертең ТМД елдерінде қантөгіс болуына апарып соқтырады, деді. Айтқаны келді ғой?!

Петербургтік ғалым, профессор Ватаньяр Ягья: Путин мырзаның сөзінен империалық биліктің, ұлыдержавалық саясаттың иісі мүңкіп тұр деді. Оларды қостай сөйлеген делегаттар ұлыорыстық шовинизм тағы  да пайда болып жүрмесін, деген кейіс-күдіктерін айтты. Сөйтіп, мәжілістің берекесі кетті.

Путин кейін, президенттік таққа отырысымен: Дүние жүзінің қай елінде болсын бір орыс жәбірленсе, біз оны қорғаймыз, деп ежірейді емес пе?! Сол пиғылымен  Украинаға тұтқиыл шабуыл жасап, Қырымды тартып алды. Сірә, Сирияда да «орыстар зарилеп жүрсе» керек, билеп-төстеушілеріне қосыла бомбалап, жазықсыз мыңдаған тұрғынын қырып салды. Бізге де қыр көрсетіп, сонау бір жылы «көшпелі мәжілісін» Павлодарда өткізді. Алдыңғы жылы   біздің елге ресми сапары күндерінің бірінде Петропавл қаласында болып, «Ресейдің жерін» көріп, солтүстікқазақстандықтарының хал-жағдайын барлады. Сөз ыңғайына қарай айта отырайын: сол «бақылаушы» барда біздің «ләппәйлар» Павлодар мен Петропавлдың қазақы көне аттарын жаңғырта алмайды.

Соңғы жылдары Ресейдің кейбір  шенеуніктері, әсіретарихшылдары мен саясатшылдары, Думасының депуттары қазақтың қанша жері «Ресейдікі екенін» екілене айтып та, жазып та жүр. Оған енді, мінеки, Путиннің  көмекшісі В.Мединский бедірейіп қосылып, «базарды» қыздыра түсті. Бұл не? Бұл – қожайынға қолшоқпар  болуға әрқашан дайындардың доңайбаты. Егер қожайындары ә дегенде-ақ: - Ей, жоқтан өзгені көңірсітпеңдер! -десінші, бәрі де қысқы ұйқыға кеткен  суырша жым болар еді. Бірақ...

Ғаббас Қабышұлы 

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371