Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4728 0 пікір 11 Сәуір, 2012 сағат 10:07

Светқали Нұржан. Қарғалар

Светқали НҰРЖАН (АЙТ-МАН), ақын.

 

 

ҚАРҒАЛАР

 

Қарғалар үш жүз жыл ғұмыр кешеді, жеті патшалықтың жерін басады. «Осы ғұмырыңда не көрдің?» деп сұрағанда, боқтан басқа ештеңе көрмеген болып шығады-мыс.

Жадтағы бұрынғының әңгімесі.

 

Қарқылдаңдар...

Ей, қарғалар,

Сирақтарыңды ұрайын!..

Тыныштықбек.

 

Кінәламаңдаршы қара қарғаны,

Қарғамның бар ма жазығы?!.

Байбота.

 

Ұлық Ием, бұл қайғылы өлкеге,

Мынау өлі кереңдікке тас тамған

Қарғаларды қарғысты

Жаудыртшы бір аспаннан!..

Артюр Рембо.

 

«Қарғалардың жиылып алып «Алла-лап!» «ән» айтуы өткен 11-

жылы еліміздің Қарағанды облысында орын алса, биыл Маңғыстау өлкесінен көрініс беруде...»

БАҚ-тағы бүгінгінің хабары.

 

 

 

Қарға деген азғын құс,

Жоқ ешқандай боқтан басқа қайғысы.

Үш жүз жасап бітірмеген мазмұнды іс,

Жаһандағы құс біткеннің байғұсы!..

 

Өзің жайлы кеш, қарға,

Мен де ойлаушы ем дәл осындай жобада.

Кеше кешке теледидар қосқанда,

Үніңді естіп келді тілім тобаға!

Светқали НҰРЖАН (АЙТ-МАН), ақын.

 

 

ҚАРҒАЛАР

 

Қарғалар үш жүз жыл ғұмыр кешеді, жеті патшалықтың жерін басады. «Осы ғұмырыңда не көрдің?» деп сұрағанда, боқтан басқа ештеңе көрмеген болып шығады-мыс.

Жадтағы бұрынғының әңгімесі.

 

Қарқылдаңдар...

Ей, қарғалар,

Сирақтарыңды ұрайын!..

Тыныштықбек.

 

Кінәламаңдаршы қара қарғаны,

Қарғамның бар ма жазығы?!.

Байбота.

 

Ұлық Ием, бұл қайғылы өлкеге,

Мынау өлі кереңдікке тас тамған

Қарғаларды қарғысты

Жаудыртшы бір аспаннан!..

Артюр Рембо.

 

«Қарғалардың жиылып алып «Алла-лап!» «ән» айтуы өткен 11-

жылы еліміздің Қарағанды облысында орын алса, биыл Маңғыстау өлкесінен көрініс беруде...»

БАҚ-тағы бүгінгінің хабары.

 

 

 

Қарға деген азғын құс,

Жоқ ешқандай боқтан басқа қайғысы.

Үш жүз жасап бітірмеген мазмұнды іс,

Жаһандағы құс біткеннің байғұсы!..

 

Өзің жайлы кеш, қарға,

Мен де ойлаушы ем дәл осындай жобада.

Кеше кешке теледидар қосқанда,

Үніңді естіп келді тілім тобаға!

 

Жиылып ап, -

тура жүрек тұсымнан,

«Алла-лап!» тұр кілең қарға-қария.

Қадірлеуші ед тек кептерді - мұсылман:

Хақты зікір қылады деп - жария!

 

«Жақсы» атанып көрмеп едің ілкіден,

Дәріптеген жаннан Хақты - кім артық?! -

Кеше қарға ең - боқ пен зәрі мүңкіген,

Бүгін Сенен Хақ Жұпары тұр аңқып!..

 

Өгіз, тауық, аң патшасы арыстан,

Енді қарға дінге кірді - «Алла-лап!»

Жеткені ме -

КҮТКЕН ХАБАР АЛЫСТАН,

Сіз не дейсіз, түн тұрғыны жарғанат?..

 

Қарғыс төккен қарға қайда төбеңде? -

Ауызында Алла жайлы ақ тулы ән!

Хақ тануда -

қарға озыпты дегенге

Сенесіз бе -

құс сұлтаны аққудан?!

 

Аққуың не -

Жер бетінің ардағы

Адам-қазақ көрсетті ме жақсы үлгі?! -

«Жариялап мақтады, деп, Алланы!..» -

Соттадық қой Исматулла мақсымды!..

 

Қорада - өгіз,

зікір еткен Алланы

Тауық - палау,

торда - арыстан! -

«Шүкір» ет!..

Ал қаптаған кіл зікірхан-қарғаны

Қайтер екен біздің заңқор үкімет?

 

«Зікірхандар» қаптады, деп, көкке кіл!» -

«Пәтуасын» шығартып ап молдаға:

«Бұл - ширк!..» деп,

мәлғұнсақал жетпегір,

Оқ жаудырып жүрмес пе екен қарғама?!

 

Жан-жұлдызын қалтыратып түнгі ызғар,

Аңғал бабам неге ән салды «қарғам!» деп?!

Ал бүгінгі сахыналық «жұлдыздар»

Кімді, нені армандап жүр «арман» деп?..

 

Құс азғыны қарға құрлы тобасын

Қамдамаған -

Жаһанның ең байғұсы -

Біздің ағай әрлеп әлек «қорасын»,

Боқтан басқа жоқ ешқандай қайғысы!..

 

Қала, дала баттасып ап кір-шаңға,

Еш үмітсіз жатыр өлі қорым боп.

Құс қылшы, Алла, мейлі, қарға қылсаң да,

Жерде Сені Еске Алуға орын жоқ!..

 

Шәр - аңсыған!

Қыр - қаңсыған!

Жаншыған!

Кір малшыған Түнді түрер Таң қайда?! -

Нұр-Хабарды жеткізу де Ғаршыдан,

Қарға, Сіздің жазылыпты маңдайға!

 

Пенделердің қара жүзі настанған

Ағарар ма жеткен кезде -

Ол Хабар?! -

ХАҚҚА ЗІКІР жаудыртшы бір аспаннан,

Қара киіп қайғы ойлаған қарғалар!..

 

АЛЛА-ЖАР!!!

АЛЛА-ЖАР!!!

АЛЛА-ЖАР!!!

 

04:44 сағ.

07 сәуір 2012 ж.,

Сенбі

Талхиз шаһары.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498