Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2516 0 пікір 13 Сәуір, 2012 сағат 05:24

Туымыз ту емес, тулақ болып барады!

Қазақстанда қап таусылып, күл-қоқыс тасу үшін қазақтың туы ғана қалғанға ұқсайды.

Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында, тап облыстық әкімшілік орналасқан ғимараттың алдындағы үлкен алаңда, аула сыпырушылар байтақ отанымыздың байрағынан сүйретпе қап жасап алып күл-қоқыс тасығанын жазып едік, енді тап сол көрініс Атырауда қайталануда. Facebook әлеуметтік желісін шарлап кеткен ақпарға сүйенсек,  Атыраудан шығатын «Ақ Жайық» газетінің Әсел есімді оқырманы гастарбайтерлердің түсі көк сүйретпемен қоқыс тасып жүргенін көзі шалып қалады. Көзі көрген жайтты суретке тартып, аталған басылымға жолдаған Әсел жалдамалы жұмысшылардың ешнәрсеге қымсынбай, алаңсыз жұмыстарын жасап жүргенін айтады. Ал, олардың қолындағы түсі ашықкөк сүйретпе қап  Тәуелсіз Қазақстанның Туы болып шығады!

Мемлекеттік рәміздердің осылайша қорлануы жақсылықтың нышаны емес. Соғыста мысалы,  жеңілген жақ туын түсіріп басын иеді. Ту кескілескен қан майданда ерекше қорғалады. Жау туды қолына түсіре қалса, мазақ етіп жыртып, өртеп жібереді. Тудың қолды болуы, құлауы жауынгерлердің сағын сындырып, рухын әлсіретеді.

Қазір біздің де елдік рухымыз әлсіреп, ұнжырғамыз түсіп бара жатқан сияқты. Елдің еңсесін езіп отырған жайт биліктің бетімен кетіп, қазына байлықты қарадай тонап, ұлттық құндылықтарды аяқ асты етуі дер едік. Тәуелсізбін дейтін қазақты өзге емес, өз билігі мазақ еткен соң басқалар не істемейді? Осылайша туыңды тулақ қылып сүйреп жүре береді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522