Титаниктің жолымен...
Биыл «Титаник» кемесінің апатқа ұшырағанына жүз жыл толды. ХХ ғасырдағы ең ірі кеме апаты аталған «Титаниктің» тарихы қаншама деректі, көркем киноларға, басқа өнер туындыларына өзек болды. Болып та келеді. Сол замандағы ең алып кеме - «Титаниктің» апатқа ұшырау себептері әлі күнге түйіні шешілмеген тақырып.
Ал, 8 сәуір күні Британияның Саутгемптон портынан «Балморал» жолаушылар кемесі Нью-Йорк қаласын бетке алып, «Титаниктің» жолымен өз сапарын бастап кетті. «Балморал» кемесінде 1309 жолаушы бар. Әйгілі «Титаникте де» жолаушылар саны дәл -1309 болған екен. Тарихта қалған «Титаниктің» жолымен жүз жылдан соң сапар шеккен «Балморал» кемесі Нью-Йоркке 20-ншы сәуірде жетпек.
Суреттер svpressa.ru сайтынан алынды.
Суретте: «Балморал» жолаушылар кемесі және 20-ншы ғасыр басындағы киім үлгісінде киінген жолаушылар