ҚР ИИДМ: Жолдардың 25%-ы нашар деңгейде
2021 жылы жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарымен республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 6 мың шақырымы қамтылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.
Министрлік ақпаратынша, жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 71 мың шақырым, соның 25%-ы бүгінде қанағаттанарлықсыз жағдайда. 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдың 27 мың шақырымына жөндеу жүргізу көзделген. Бұл жолдардың 95%-ын нормативті жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді.
Автомобиль жолдары комитеті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жүргізген тексерістердің нәтижесі бойынша 2020 жылы республикалық желіде анықталған ескертулердің 2%-ы түзетілмеген. Жергілікті желі мен елдімекен көшелері бойынша бұл көрсеткіш 25%-ды құрады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасындағы жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елдімекендердегі көшелер желісінің ұзындығы 157 мың шақырымды құрайды: республикалық маңызы бар – 25 мың шақырым;
жергілікті маңызы бар – 71 мың шақырым;
көше-жол желісі – 61 мың шақырым.
Abai.kz