Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2417 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 04:54

Қажымұқан Ғабдолла. Қасымов қаһарына мініп отыр

«Ерден - иман құтылмас» дейтін аталарымыз көреген екен. Кезінде «Менің де президенттік таққа таласым бар!» деп, үстел тоқпақтап, шыны сындырған еліміздің «бас патриоты» --  сенатор Ғани аға ҚАСЫМОВ (суретте) жақында «мұртын мұнаймен майлап» (Бауыржан ХАЛИОЛЛА), жасанды жымиған үкіметбасы Кәрім Мәсімовты оң жамбасқа алып жығып, айызымды қандырды...

Алдымен ол көлік жолдарының барлығы «ажал соқпақтарына» айналғандығын айқайлап айтты. Жол салығы қаржыларының талан-таражға түсетіндігін, жолдарды жөндеуге бөлінетін қыруар ақшаның жемқорлықпен жойылатынын Премьер-Министрдің жонын тіліп, тура жеткізді...

Екінші кезекте, Ғанекең аспан жолдарына тіке тартты. «Эйр Астана» әуе компаниясының жол жүру билеттерін бірден 16 пайызға өсіріп жібергендігіне наразы сенатор, майлы мұрттыға: «Ендеше, бүкіл Қазақстан бойынша жалақыларды да 16 пайызға өсіріңіз!» - деп, шүйлікті.

Үкіметтің үнсіз шарасыздығына шамданған ҚАСЫМОВ: «Бұл елде дені дұрыс ештеңе істей алмайсың. Бұл - Үкіметтің сауатсыздығы мен жауапсыздығы!» - деп, бір-ақ қайырды...

АЗАМАТ!!! Ғанекеңнің батылдығы мен батырлығына рахаттанып, маңдайым тершіп отырып, Алматыдағы досыма телефон шалдым. Салған жерден қуанышыммен бөлісіп: «Ғани ағамыз мықты екен ғой, бұрын қалай байқамағам?» - дегенімде, Мәкеңнің жәй ғана: «Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр!» - демесі бар ма?!.

Шындығында, ел ішінде талай Қасымдар тілдерін тістеп жүр-ау!..

«Абай-ақпарат»

0 пікір