Мәжіліс Конституцияның 78-бабын іске асыруға арналған жобаны бірінші оқылымда мақұлдады
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Аталған жобаға Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған. Сондай-ақ, құжат ҚР Конституциясының 78-бабын қолдануға байланысты қолданыстағы кейбір заңнамалық актілердегі олқылықтарды жою мақсатында әзірленген. Атап айтқанда, Ата заңның 13-бабында белгіленген әркімнің сотта қорғалу құқығы адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің кепілдігі болып табылады. Ал, мұндай конституциялық құқық, сондай-ақ соттардың ҚР Конституциялық Кеңесіне жүгіну мүмкіндігі жолымен іске асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 78-бабы нақты қылмыстық және азаматтық істерді, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде Конституциялық Кеңеске жүгінуінің құқықтық шарттарын жасайды. Сонымен бірге депутаттар конституцияның аталған бабының ережелерін іске асыру іс жүргізу заңнамасында орын алған олқылықтармен қиындатылғанын, онда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік-құқықтық актіні немесе оның бөліктерін конституциялық емес деп табудың құқықтық салдары реттелмегенін алға тартады.
«Заң жобасын қабылдау соттың Конституциялық Кеңеске жүгінуіне байланысты сот ісін жүргізуде туындайтын бірқатар құқықтық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау кепілдігін арттырады»,-деді депутат Нұрлан Әбдіров.