Жұма, 9 Қазан 2026
Жаңалықтар 2772 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 09:22

ҚР ІІМ қызметкерлерін аттестаттау мамырда басталмақ

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу биылғы мамыр мен маусым айларына жоспарланып отыр.

Бұл жайында Астанада өткен брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес кезектен тыс аттестаттаудан министрліктің 71 909 қызметкері өтеді. Оның ішінде 177-і - ведомство басшылығының өкілдері.

Жақын арада заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аттестаттау барысында қызметкерлердің бәрі лауазымы мен атқарған еңбек өтіліне қарамастан бұл шарамен қамтылатын болады. Тек онда министрліктің бірінші басшысы, шетелде  оқып жүргендер және бала күтіп отырған, сондай-ақ жүктілігіне байланысты еңбек демалысына шыққан әйелдер аттестаттаудан өтпейді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 919
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1229