Сенбі, 23 Қараша 2024
3361 1 пікір 21 Сәуір, 2021 сағат 12:53

Мүмкіндігі шектеулі жандар зейнетке 55-жасында шығуы тиіс

"Қазақстан халық партиясының" депутаттары мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтарға зейнет жасын төмендету бойынша ұсыныс жасады. Олар өз ұсыныстарын премьер-министрдің орынбасары Ералы Тұғжановқа жолдаған.

Депутат Ерлан Смайыловтың сөзінше елімізде 600 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 85,5 мыңы жұмыс істейді. Жұмыс істейтіндердің ішінде 3 топтағы жандар саны 62 мың, 2 топтағы жандар саны 18 мың, ал 1 топтағылар саны 2300 адамды құрайды.

Депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 63 жасқа дейін жұмыс істеу қиын екенін айқан.

"Әрине зейнет жасын төмендету әр адам бойынша жеке қаралуы керек. Диагнозы, денсаулық жағдайы, топ санын ескерген жөн. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін зейнет жасы орта есеппен 55 жас болуы керек деп ойлаймын", - дейді депутат.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434