Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2375 0 пікір 19 Сәуір, 2012 сағат 11:42

Қытай спортшылары ет жеуден бас тартып отыр

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Аспанасты елінің  олимпиадалық құрамасының өкілдері ет тағамдарынан бас тартқандарын мәлімдеді.

Басты себеп допинг-тесттен өтпей қалу қаупінде. Бұл жайында «Аламан» спорт агенттігі хабарлады.

Су спортынан сайысқа қатысатын спортшылары ет тағамдарымен қоректенбегелі  қырық күнннен асыпты, енді солардың қатарына басқа түрлерден сынға түсетін қалған атлеттері де қосылған. Мәлімдемеге сүйенсек, еттің орнына ағзаға қажет ақуызды жинақтау үшін балық өнімдерін және арнайы протеин қоспаларын пайдаланбақшы.

Қытайлық азық-түлік өндірушілер тамақ өнімдерінің дәмдік сапасын арттыру және салмағын ұлғайту үшін әр-түрлі химиялық қоспалар мен модификаторларды  кеңінен қолданатыны құпия емес. Етті тағамдарға жасанды заттарды көп мөлшерде  қосатындықтары анықталған. Тіптен шошқа етінен адамның бұлшық етінің көлемін ұлғайтуға себепкер болатын тағам өндірісінде тыйым салынған зат кленбутерол табылыпты.  Сол себепті спорт функционерлері осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған.

0 пікір