Қазақстанда кедейлік шегіндегі жандар саны артты
Ең төмен күнкөріс деңгейінде өмір сүрген қазақстандықтардың саны 2020 жылы 5,3% жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1% -ға артық деген сөз.
Кедейлер саны ең көп аймақтарға Түркістан облысы (12,2%), СҚО (6,7%) және ШҚО (6,5%) кірген. Ал жағдайы ең жақсы қала Нұр-Сұлтан болып табылды. Ондағы кедейлер деңгейі 1,5% құрайды.
Ең төмен күнкқріс деңгейінде қалалық тұрғындардың 3,7% тұрса, ауылдық аймақта ол көрсеткіш 7,6%ға дейін жетеді. Қазақстандағы кедейлік деңгейінің артуына коронадағдарыс әсер етуде.
Abai.kz