Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларация енгізіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді.
Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен мемлекеттік қызметшілерден бастап, кейін барлық азаматтар қамтылады.
Сонымен, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсыра бастады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсырады.
Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап - азаматтардың қалған санаттары кірістерін жариялайтын болады.
«Мұндай бақылау жүйесі көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған, сонымен қатар бюджетке қосымша кірістердің түсуіне ықпал етеді. Сонымен бірге, салық салынатын базаны азайту мақсатында жеке тұлғалар әлеуметтік салық шегерімдерін қолдана алады. Бұл азаматтарға тиісті шығыстар болған жағдайда табыс салығының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Е.Жамаубаев
Abai.kz