Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2646 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 13:00

Франциядағы Президенттік сайлауда көш бастаған социалист Ф. Олланд пен Н. Саркози екінші турға өтеді

ПАРИЖ-БРЮССЕЛЬ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Президенттік сайлауда 95 пайыз бюллетень есебінің қорытындысы бойынша 28,3 және 27,02 пайыз дауыс жинаған Социалистік партияның көшбасшысы Франсуа Олланд және Францияның қазіргі президенті Николя Саркози екінші турға өтеді.

Алдын ала бірінші турдың болжамды қорытындысын  Францияның Ішкі істер министрі Клод Геан мәлімдеді, деп хабарлады француздық БАҚ.

«Ұлттық фронт» басшысы Марин Лё Пен 18,47 пайыз дауыс жинады, ал «Солтүстік фронт» көшбасшысы Жан-Люк Меланшон 10,98 пайыз, «Демократиялық қозғалыс» көшбасшысы Франсуа Байру 9,16 пайыздық көрсеткішпен дауыс жинауда.

Сондай-ақ «Жасылдар» партиясының көшбасшысы Ева Жоли 2,24 пайыз жинады, одан кейін 1,81 пайыздық көрсеткішпен тәуелсіз үміткер-голлист Николя Дюпон-Эньян келеді, «Жаңа капиталистік партияға қарсы» партиясының көшбасшысы, жұмысшы-механик Филипп Путу 1,18% дауыс алуда, «Жұмысшылар күресі» көшбасшысы Натали Арто - 0,58 пайыз, эссеист Жак Шеминад 0,25% пайызбен бұл сайлауды түйіндейді.

Франция ІІМ басшысының сөзіне қарағанда, дауыс беру кедергісіз, ешбір оқиғасыз өтуде. Дауыс беруге халықтың 80 пайызы келді, бұл Францияның тарихында болып жатқан сайлаудың ішінде ең жақсы  көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Дауыс беру бойынша бірінші турдың нақты қорытындысын префектуралар тарапынан ұсынылған хаттамалардың негізінде Республиканың Конституциялық кеңесі 25 сәуірде жариялайтын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391