Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2478 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 13:13

Тәуелсіздіктің 20 жылында шетел азаматтары 8 мың қазақстандықты асырап алды

Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде шетел азаматтары 8 мың қазақстандық баланы асырап алды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген отырыс барысында ҚР сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов мәлім етті.

«Тәуелсіздіктің 20 жылында шетел азаматтары 8 мың қазақстандық баланы асырап алды. Олардың көбі Батыс Еуропа, АҚШ және т.б. шет мемлекет азаматтары. Әрине, біздер асырап алынған балаларды консулдық есепке тіркеуге тырысамыз. Мәселен, Американы алатын болсақ, онда екі консулдық мекеме жұмыс істейді, біреуі - Вашингтонда, келесісі - Нью-Йоркте. Балалар мемлекеттің түкпір-түкпірінде жүр. Әрине, консул асырап алған отбасының әрқайсысын аралап, әрбір баламен жеке-жеке танысу үшін ешқандай қаражат жетпейтін шығар», - деді Е.Қазыханов.

Сондай-ақ министр атап өткендей, осы бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Біздің консулдар балаларды ата-аналарымен бірге жылына бір рет жинап, тәрбиелеу жұмысы қалай жүріп жатқандығы жөнінде есеп алады», - деп нақтылады ол.

«Әрине, түрлі жағдайдан сақ болу мүмкін емес. Осы тұрғыда қазақстандық балаларды шетелге әкету деңгейі әлдеқайда төмендегенін атап өту керек, бұған дейін болған жағдаймен салыстырғанда, күрт төмендеді деп айтуға болады. Өз балаларымызды жағдайының жақсаруына байланысты өз отандастарымыздың асырап алу жағдайының жиілей түсуі бізді әсіресе қуантады», - деп қосты ҚР СІМ басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392