Сенбі, 23 Қараша 2024
3990 6 пікір 5 Мамыр, 2021 сағат 13:52

Қырғызстанда жаңа Конституция қабылданды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жаңа Конституцияға қол қойды. Сәуір айында жаңа Конституция үшін референдум ұйымдастырылған еді. Енді Қырғызстан президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке айналды. 

Жаңа Конституцияны енгізу бойынша қаулыға қол қойғаннан кейін, Садыр Жапаров халыққа үндеу жасады. Ол Қырғызстанның экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатқанын айтты.

«Бұған дейінгі президенттер дәл қазіргідей ауыр экономикалық дағдарысқа тап болған жоқ. Бүгін Қырғызстан экономикасы ауыр жағдайда. Дефицит 20 млрд сомды құрайды. Пандемия салдарынан әлі күнге дейін сауда қатынасы қалпына келмеді», - деді ол.

Қырғызстанның ЖІӨ көрсеткіші өткен жылы 9%-ға дейін түсіп кеткен. Бұл соңғы 20 жылдағы ең нашар көрсеткіш болып табылады.  Конституцияның өзгеруіне көпшілік қарсылық білдіріп, Ханституция деп атауда.

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371