Назарбаеваның «Азиялық шенгені» биыл енгізілмек
Осыдан екі күн бұрын (5 мамырда) «sputnik.kz» сайтында: «Казахстан и Узбекистан вводят "азиатский шенген" - согласован список стран», - атты ақпарат жария болды. Онда Қазақстан мен Өзбекстан жыл соңына дейін «азиялық шенген» – Silk Road ортақ визасын енгізуді жоспарлап отырғаны жайлы жазылған.
Әуелі, сол ақпаратты тарқатып жазайық...
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жоғарыда аталған «азиялық шенген» туралы: «Аталған режимді енгізу жоспарланып отыр және қазір Өзбекстанмен екі арада «Silk Road Visa» визасын берудің біріңғай электрондық жүйесін енгізу туралы келіссөздер жүріп жатыр», - делінген. Министрліктің мәліметінше, «Silk Road Visa» визасы Silk Road» аймағына қосыталын елдерге кіру жәре жүріп-тұру үшін берілетін виза түрі болмақ. Ресми ақпаратта, сондай-ақ, «Silk Road Visa» көп реттік электронды туристік визасының ережесі келісілгені, қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық сипаттамалары талқыланып жатқаны айтылған.
«Silk Road Visa» дегеніміз не?
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл «Жібек жолы елдеріне» тән шенгендік визаның аналогы.
«Бұл механизм өз кезегінде трансұлттық туристік рәсімдер кезіндегі визалық, кедендік кедергілерді жоюға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеген ведомство қазір Қазақстан мен Өзбекстанға бару үшін кей мемлекеттердің туристері жеке-жеке виза алуы керек. Бұл механизм осы процессті жеңілдететінін айтқан. «Sputnik.kz» сайты солай деп жазады.
«Азиялық шенген» қашан іске қосылады?
Өзбекстан тарапы «Silk Road Visa» визасын жүзеге асыру бойынша 2 консулдық кеңес пен 4 жұмыс тобының жиынын өткізіпті.
2020 жылдың ақпанында «gazeta.uz» сайтында: «Silk Road Visa» визасын енгізу жыл соңына дейін жүзеге асырылады», - деген ақпарат шыққан. Онда: «Бәрі дұрыс. Жыл соңына дейін біз бұл жобаны іске қосамыз», - деген Өзбекстанның туризмді дамыту комитетінің басшысы Азиз Абдухакимовтың мәлімдемесі жарияланған.
Ал Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі аталған жобаның биылғы жылдың аяғына дейін іске қосылатынын айтыпты.
Бұл Дариға Назарбаеваның ұсынысы
Ал алғаш рет «азиялық шенген» идеясын сол кездегі Дариға Назарбаева айтқан. 2018 жылдың мауысымы. Сенат комитетінің сол кездегі төрағасы Дариға Назарбаева журналистерге берген сұхбатында: «Ашық әрі айқын және достық шекарасын қалыптастыру керек, сонда барлық салалардағы қарым-қатынастар тереңдей түседі. Ол үшін барлық кедендік рәсімдерді бірыңғайлау керек.
Қазақстан мен Өзбекстанда туризмді дамыту ғана емес, Орталық Азияның барлық көрнекті жерлерін көргісі келетін шетел туристерінің біздің елдерге келуін ынталандыру да маңызды», - деген еді Дариға Назарбаева. Деді де, Азиялық «Silk viza» шенгенін қалыптастыру туралы ұсынысты айтты.
ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ:
Дариға ханым ханзу халқын Қазақстанға визасыз кіргізбек пе?
Қытай азаматтары Қазақстанға визасыз режиммен 72 сағатқа кіре алады
Abai.kz