Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 15249 18 пікір 6 Маусым, 2018 сағат 15:19

Дариға ханым ханзу халқын Қазақстанға визасыз кіргізбек пе?

ҚР Сенатының депутаты Дариға Назарбаева ханым соңғы кездері қазақ елі қабылдай қоймайтын біртүрлі бастамалар көтеретін болып жүр. Былтыр ол «Өте таяу уақытта бәрімізге қытай тілін де үйреніп алуға тура келеді» деп мәлімдеме жасаған еді. Осы сөзден кейін ел арасы алатайдай бүлініп, қарсы пікірлер көбейіп кеткен. Ол шуды шыбын шаққан құрлы көрмеген Дариға Нұрсұлтанқызы биыл тағы бір түйіткілді мәселенің астына шоқ салып, үрлемекке ыңғай танытты. Ол - Қытайды визасыз елге кіргізу мәселесі.

"Ханзуларды елге визасыз кіргізейік" деген бастама қазақ қоғамының тарапынан қабылданбасы анық. Бірақ, соңғы күндердегі "Қытайдың халқы Қазақстанға визасыз кіретін болыпты" деген дақпырттың астарында оған елдің құлағын ептеп үйрете беру саясаты жатқанын кешегі Дариға Нұрсұлтанқызының сөзінен байқап қалдық.

Кеше Abai.kz ақпараттық порталында "Дариға Назарбаева азиялық «Silk viza» шенгенін енгізуді ұсынды" деген мақала жарияланды. Бұл біреулерге жай ғана ақпарат болып көрінуі мүмкін. Бірақ, олай емес. Сол мақалада Дариға ханым былай дейді. "Орталық Азияның барлық көрнекті жерлерін көргісі келетін шетел туристерінің біздің елдерге келуін ынталандыру маңызды. Сондықтан да азиялық «Silk viza» шенгенін қалыптастыруымыз керек". 

Дариға ханым, шетел туристерінің қамын ойлап тұр ма, жоқ әлде Қытайдың ба? Азиялық «Silk viza» шенгені енгізілер болса, ол елдер тізімінде Қытай міндетті түрде болатыны анық жай. Бұл идея - тек қазаққа емес, бүкіл Орталық Азияға қауіп төндіреді.

"Шенген" сөзіне қысқаша түсініктеме бере кетсек, артық болмас. Шенген деген - «Еуропа Одағының бірқатар елдері арасында төлқұжаттық және кедендік бақылауды алып тастау туралы келісім». 1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында қол қойылған. Қазір шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді.

Дәл сол сияқты азиялық «Silk viza» шенгенін қалыптастырамыз деуге Қазақстан ғана емес, тұтас Орталық Азия елдерінің әлеуметтік ахулы сәйкеспейді. Бұл -  біріншіден.

Екіншіден, Еуразиялық Одақты құрғандай бүйректен сирақ шығарып алып, сосын одан құтыла алмай жүретін боламыз.

Үшіншіден, дәурені жүріп тұрған жанның сөзін заң деп қабылдайтын табанында бүрі жоқ шенділеріміз жетерлік. Олар да құр қиялға беріліп, осы идея негізінде Қытай мен Ресейге етегімізді біржола аша салуы әбден мүмкін.

Қош! Дариға деді екен деп, көне салуға қазақ бейілді емес. Десе де, астыртын айтылған ойдың ұштығын шығару - бізге парыз деп білеміз.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377