Лукашенко қаза тапса елді кім басқаратыны анықталды
Лукашенко қастандық салдарынан қапияда қаза тапса, елді премьер-министрдің басшылығындағы Қауіпсіздің Кеңесі басқаратын болады. Аталмыш құжатқа бүгін Лукашенко қол қойды.
Құжат «Суверенитет пен конституциялық құрылымды қорғау» декреті деп аталады. Құжатта ел басшысы қастандық арқылы, террорлық шабуыл негізінде немесе сыртқы күштің агрессиясынан қаза тапса, биліктің Қауіпсіздің кеңесіне өтетіні анық жазылған. Лукашенко қастандық салдарынан қаза тапса, елде төтенше және әскери жағдай жариялануы тиіс.
Президент қастандықпен өлтірілсе Қауіпсіздік кеңесі билікті қолына ұстай отырып, елде таза әрі әділетті сайлау өткізуі міндетті.
Cондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесі елде төтенше немесе әскери жағдай жариялап, ел шінде тәртіп сақатуға тиіс.
«Қауіпсіздік кеңесінің шешімін орындау баршама міндетті. Негізгі мәселе сайлау өткізу. Қауіпсіздік кеңесі губернаторлармен бірге сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды. Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған», - делінген ресми мәлімдемеде.
Abai.kz