АҚШ әскери базалары ОА-ға оралмақ
АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шыққаннан кейін, Орталық Азия мен Таяу Шығыста әскери базаларын орналастыру нұсқаларын қайта іздейді,- деп жазады The Wall Street Journal.
Байден әкімшілігінің ресми өкілдері мен кейбір әскерилерінің айтуынша, АҚШ әскери базасын орналастыруға Ауғанстанмен шекаралас Өзбекстан мен Тәжікстанға басымдық беріледі. Алайда, аймақта ресейлік және Қытайлық әскери күштердің болуы және олардың Вашингтонмен арадағы шиеленістері Орталық Азияда базалар орналастыру жоспарын қиындатады дейді шенеуніктер.
АҚШ әскерилерді, дрондарды, бомбалаушылар мен артиллерияны орналастыру үшін базаларға мұқтаж.
Америка Құрама Штаттары әскерлерді Орталық Азиядағы базаларға орналастыруды сұраған жоқ, ал бұл нұсқа Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік департамент және Ақ үй қарауында. Газет дереккөздері Орталық Азия елдері Ресей мен Қытайдың ықпалына қарсы тұрғысы келеді, ал Мәскеу мен Пекиннің өздері Вашингтонның аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүдделі екендіктерін алға тартады.
Газеттің хабарлауынша, мамыр айында АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Залмай Халилзад Өзбекстан мен Тәжікстанға барды. Ол Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Газет дереккөзі Өзбекстан мен Тәжікстанның аймақтағы зорлық-зомбылықтың таралуына алаңдаушылық білдіргенін айтты. WSJ АҚШ-тың Өзбекстан мен Қырғызстанда базалары болғанын атап өтті. Олар Ауғанстанда күштерді орналастыру және операциялар жүргізу үшін пайдаланылды. Америка Құрама Штаттары Өзбекстандағы базаны 2005 жылы, ал Қырғызстаннан 10 жылдан кейін кеткен.
АҚШ президенті Джо Байден сәуір айында НАТО-ның әскери күштерін Ауғанстаннан шығарудың соңғы мерзімі - 2021 жылдың 11 қыркүйегі екенін мәлімдеді. Және ол Америка Құрама Штаттарындағы террористік актілердің 20 жылдығы, Американың осы елге басып кіруіне себеп болды деп мәлімдеді. Осыдан кейін Ауғанстанда бірнеше ірі террористік актілер болды.
Abai.kz