Жазушылар құрылтайы Жарғыға сәйкес өтедi
"Жас Алаш" газетiнiң 2012 жылғы 24 сәуiр күнгi санында "Қаламгерлердiң кезектi құрылтайын өткiзу үшiн арнайы комиссия құрмақ" деген тақырыппен ақпарат жарияланды. Осында аты аталған қаламгерлер бұған дейiн де әртүрлi ақпарат құралдарында Қазақстан Жазушылар одағының атына сыңаржақ пiкiрлер айтып, қоғамдық пiкiр арқылы алауыздық тудыруға тырысып келедi.
Жалпы, Жазушылар одағының кезектi құрылтайы жақындаған тұста қоғамдық ұйымды бөлшектеуге және қаламгерлер қауымының тұтастығына сызат түсiргiсi келетiн түрлi пиғылдардың бас көтеретiнiн көрiп жүрмiз. Әр мiнбеден әртүрлi пiкiр бiлдiрiп жүретiн осы бiр топтың бел ортасында бұрын үнемi Жазушылар одағын қызғыштай қорып, ағалық сөзiн айтып жүретiн қазақтың көрнектi қаламгерi, Халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмадiловтiң болуы бiздi қайран қалдырды. Осыдан аз күн бұрын "Жас Алаш" басылымына берген сұхбатында президенттiк стипендияға iлiнбей қалғанына өкпе бiлдiрген ақсақал жазушымыз, "31 арна" арқылы "16 жыл бойы Қазақстан Жазушылар одағы түк бiтiрмей отыр" деп өзi мүше болып отырған ұйымын айыптады.

Қазақ руханиятының қара шаңырағы - Қазақстан Жазушылар одағы ұйым ретiнде қоғамдық формациялар өзгерген кезде де арыстар мен алыптар тобы аманаттап кеткен өзiнiң темiрқазық бағытынан айныған емес. Жазушылар одағы Тәуелсiздiктiң алғашқы қалыптасу кезеңдерiнде және одан бергi уақыттарда да ұлт рухының шырақшысы ретiнде орасан зор жұмыстар атқарды, атқарып та келедi. Бiр кездерi "ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында" кете жаздаған ұйым ғимараттары қара шаңырақ қарауына қайтарылды. Әдеби басылымдар да сол шаңырақтың астында ырғақты жұмысын жалғастырып жатыр.
16 жылдың бедерiнде қаламгерлерiмiздiң мерейтойлары, еске алу шаралары, бақилық болған әрiптестерiмiздi мәңгiлiк сапарға шығарып салу рәсiмдерi, ақын-жазушылардың жекелеген шығармашылық кештерi, мемлекеттiк тапсырыспен жарық көрiп жатқан кiтаптар, республикалық және аймақтық деңгейде өткiзiлген форумдар мен фестивальдар, әдеби күндер мен байқаулар, қаламгерлердiң шығармаларын талқылау, әр алуан проблемалар мен тақырыптарға арналған пленумдар мен конференциялардың қалай өткiзiлiп отырғаны қалың жазушы қауымының көз алдында. (Алдағы уақытта басылым бетiнде Қазақстан Жазушылар одағының 16 жыл iшiнде атқарған iрiлi-ұсақты, үлкендi-кiшiлi шаралардың барлығын жариялайтын боламыз).
Газеттегi ақпаратта "Жазушылар одағының басшылығынан кетпес үшiн өзiн "құрметтi төраға" сайлатып, Қазақстан Жазушылар одағының Жарғысына өзгерiс енгiздi. Бұл өзгерiс бойынша "құрметтi төраға" Қазақстан Жазушылар одағын өле-өлгенше басқарады екен. Ал ендi бұл өзгерiстi Н.Оразалин көптiң талқысына салған жоқ" - деп бiр-ақ қайырыпты. Бұл - қып-қызыл жала. 2010 жылдың 22 қыркүйегiнде Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағы мен әдеби басылымдардың ("Қазақ әдебиетi" газетi, "Жұлдыз", "Простор" журналдарының) құрылғанына 75 жыл толуына орай өткен мерейтойлық конференцияның күн тәртiбiндегi екiншi мәселе арнайы жұмысшы тобы әзiрлеп, неше мәрте секретариат талқысынан өткен Қазақстан Жазушылар одағының Жарғысына енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтыруларға арналғаны белгiлi. Осы конференцияға қатысуға мiндеттi 250 делегаттың барлығы арнайы шақыртылды. Нәтижесiнде бiр күнге созылған талқылау жиынына 234 делегат қатысты. Конференция туралы егжей-тегжейлi ақпарат пен тиянақты стенограммалық мәлiметтер, хаттамалар, қаулы, бәрi-бәрi "Қазақ әдебиетi" газетiнде жарияланған. Уақыт, замана талабына сай әрi қоғамдық ұйымның өмiр сүру қабiлетiн жетiлдiру мақсатында арнайы әзiрленiп, конференция талқысына ұсынылған ұйым Жарғысына енгiзiлген бұл өзгертулер мен толықтырулар делегаттар тарапынан толық қолдау тапты. Қазақстан Жазушылар одағы конференциясының Қаулысына орай Қазақстан Жазушылар одағының тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген Жарғысы ҚР Әдiлет министрлiгiнен тiркеуден өтiп, заңды күшiне ендi. Ал Жарғыда әлдекiмдер ойлап тауып, лақап таратып жүрген "мәңгiлiк төраға" туралы да, "мәңгiлiк төрағаның ұйымды "өле-өлгенше" басқаруы" туралы да бiр ауыз сөз жоқ.
Ендi Құрылтай мерзiмi туралы кесiмдi сөз.
Жарияланған ақпараттағы келтiрiлген пiкiрде "...Жазушылардың ең соңғы Құрылтайы Қазақстан Жазушылар одағының Жарғысына сәйкес осыдан 1,7 жыл бұрын өтуi тиiс болатын, Құрылтай әлi өткен жоқ, демек Н.Оразалин Қазақстан Жазушылар одағын 1,7 жылдан берi заңсыз басқарып отыр" - делiнген. Егер есiнен шығып кетпесе, ақсақал қаламгер, Халық жазушысы Қабдеш Жұмадiловтiң өзi мiнбеге көтерiлiп, сөз алып, Қазақстан Жазушылар одағының қоғамдағы атқарып жатқан толайым жұмыстары туралы толғана сөйлеген соңғы Құрылтай 2007 жылдың 6 маусымы күнi өткен болатын. Ал ұйым Жарғысына сәйкес Қазақстан Жазушылар одағының Съезi (Құрылтайы) кемiнде 5 жылда бiр рет шақырылады. Яғни, Одақтың кезектi Құрылтайы биыл, 2012 жылы Жарғыға сәйкес заңды түрде өткiзiлмек. Ал бiздiң әрiптестерiмiз айтып отырған "1,7" жыл деген цифрды қай данышпанның ойлап тапқаны, нендей құжатқа арқа сүйеп айтқаны белгiсiз...
Жалған ақпарат таратып, дәйексiз сөз айту, қоғамдық пiкiрдi бұрмалауға ұмтылу айтқанға да, айтқызушыға да жақсы емес.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретариаты.
"Жас Алаш" газеті