Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3632 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 08:27

Ливияда діни және этникалық партияларға тыйым салынды

Ливияда діни, этникалық және тайпалық бірлік негізінде партия құруға тыйым салынды.

Елде билік жүргізіп отырған ұлттық өтпелі кеңестің төрағасы Мохаммед әл-Харизи «Билік ұлт бірлігін сақтау үшін осындай қадамға барды» деп мәлімдеді.

Жаңа заң Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейін өткелі отырған алғашқы ұлттық ассамблея сайлауына екі ай қалғанда қабылданды. Ұлттық ассамблея елдің жаңа конституциясының жобасын жасап, үкіметті жасақтауы тиіс.

Болжамдар бойынша, бұл сайлауда негізгі екі қарсылас - исламшыл және зайырлы партиялар бәсекеге түспек.  Исламшыл партиялар Тунис, Египет, Мароккодағы революциялардан кейін көпшілік қолдауына ие болып отыр. Ливиядағы мұсылман бауырластығы құрған "Еркіндік пен даму партиясы" бұл тыйымды енгізген билікті айыптайды.

Дереккөз: azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313