Сенбі, 23 Қараша 2024
4181 4 пікір 11 Мамыр, 2021 сағат 14:07

Татарстанда террорлық акт болды

Бүгін Татарстанның Қазан қаласындағы мектептердің біріне белгісіз екі адам шабуыл жасаған. Атыстан 9 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған.

«9 адам қаза тапты. Олардың ішінде 8-і балалар, және біреуі мұғалім. 10 адам жарақат алды. 4-еуі ауруханаға жеткізілген», - деп жазды ТАСС агенттігі.

Ал Татарстанның Төтенше жағдайлар кезіндегі Республиткалық медорталығы Төтенше жағдай кезінде 12 бала мен бір ересек адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған.

Құқық қорғау органдары Қазандағы № 175 мектепте белгісіз екі адам атыс жасағанын мәлімдеді. Олардың біреуі ұсталған. Ол 17 жастаға бала болған. Ал екінші шабуыл жасаған азамат мектепке бекініп, атыс жүргізуде. Алдын ала мәліметке сайт ол 6 адамды кепілге алған. Қазіргі таңда тұтқындарды босату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шабуылды не мақсатта жасағаны әлі анықталмады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420