Сенбі, 23 Қараша 2024
3263 0 пікір 12 Мамыр, 2021 сағат 12:55

Өзбекстан: Facebook, TikTok, Telegram шартымызға көнуге тиіс

Facebook, TikTok, Telegram және осыған ұқсас байланыс платформалары Өзбекстанда заңды қызметті жүзеге асыру үшін өздерінің арнайы дерек жинау жабдықтарын Өзбекстанға ауыстыруы керек. Олай етпесе, олар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы  Өзбекстан парламентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Инновациялық даму, ақпараттық саясат және ақпараттық технологиялар комитеті Өзбекстан Республикасы «Жеке мәліметтер туралы» Заңының орындалуын зерделеуге арналған мәжіліс өткізді. Аталмыш мәжілісте осы мәселе талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы мәмлекеттік персонализация орталығы атқарылған жұмыстар ҳақында хабар берді. Өзбекстан Республикасының «Жеке мәліметтер туралы» Заңына сәйкес қазіргі кезде Өзбекстан аумағында қызмет ететін әлеуметтік желілер арнайы жабдықтарын әкеліп, азаматтарға қатысты жинаған деректерін мемлекетке беріп отыруы тиіс. Олай болмаған жағдайда үлкен айыппұл салынуы мүмкін.

Соңғы жылдары жоғарыда аталған әлеуметтік желілер мен интернет-компанияларға қарсы әртүрлі кибершабуылдар жасалған. Нәтижесінде миллиондаған адамдардың, сондай-ақ Өзбекстан азаматтарының жеке деректері ұрланған. Арнайы заң жеке азаматтардың деректерін сақтауға көмектеспек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420