Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3571 0 пікір 27 Сәуір, 2012 сағат 06:04

«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: ЖАСЫРЫН КУӘ АШЫҚ ШЫҒЫП, СЕНСАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТУЛЕР БЕРДІ!

Ақтаудағы сот процесінің 25-ші сәуір күнгі 22-ші отырысында, Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, куәларды сұрау жалғасқан.

Сот отырысы сотталушы Жаннат Мұрынбаевтың талап-тілегінен басталған. Ол сотқа «Алпысбаев Қайрат» лақап есімімен қатысқан, ал шын аты-жөні Александар Боженко болып табылатын куәнің өзіне қарсы берген көрсетулерінен бас тартуына, денсаулығының нашарлауына және отбасылық жағдайына сілтеме жасап, бұлтартпау шарасын тұтқындаудан ешқайда кетпейтіндігі жөнінде қолхатқа ауыстыруды өтінген. Адвокаттар мен сотталушылар мұны қолдаған, ал прокурорлар ол үшін дәрігерлік қорытынды қажет екендігін айтқан.

Сотталушы Ислам Шәмілов те өзінің бұлтартпау шарасын өзгертуді өтінген.

Адвокат Жәменов сотталушы Қайрат Әділовтың өтініші бойынша іске қосымша құжаттар тіркеу туралы талап-тілек жасаған.

Сотталушы Таңатар Қалиевтің адвокаты сотқа қосымша куәлар келгендігін мәлімдеп, оларды бүгін сұрауды өтінген.

Адвокат Бисекешев те өзінің қорғауындағы Расул Мұхамбетовке қатысты дәл осындай талап-тілек жасаған.

Ақтаудағы сот процесінің 25-ші сәуір күнгі 22-ші отырысында, Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, куәларды сұрау жалғасқан.

Сот отырысы сотталушы Жаннат Мұрынбаевтың талап-тілегінен басталған. Ол сотқа «Алпысбаев Қайрат» лақап есімімен қатысқан, ал шын аты-жөні Александар Боженко болып табылатын куәнің өзіне қарсы берген көрсетулерінен бас тартуына, денсаулығының нашарлауына және отбасылық жағдайына сілтеме жасап, бұлтартпау шарасын тұтқындаудан ешқайда кетпейтіндігі жөнінде қолхатқа ауыстыруды өтінген. Адвокаттар мен сотталушылар мұны қолдаған, ал прокурорлар ол үшін дәрігерлік қорытынды қажет екендігін айтқан.

Сотталушы Ислам Шәмілов те өзінің бұлтартпау шарасын өзгертуді өтінген.

Адвокат Жәменов сотталушы Қайрат Әділовтың өтініші бойынша іске қосымша құжаттар тіркеу туралы талап-тілек жасаған.

Сотталушы Таңатар Қалиевтің адвокаты сотқа қосымша куәлар келгендігін мәлімдеп, оларды бүгін сұрауды өтінген.

Адвокат Бисекешев те өзінің қорғауындағы Расул Мұхамбетовке қатысты дәл осындай талап-тілек жасаған.

Адвокат Әлібиев сотталушы Есенгелді Әбдірахмановты ұрып-соғу жөніндегі дәрігерлік сараптама қорытындысын іске тіркеу және қосымша куә ретінде 16-желтоқсан күні алаңда болған полиция қызметкері Мәдина Әдиеваны шақыру жөнінде талап-тілек түсірген.

Судья Аралбай Нағашыбаев, өз атын ашқан куәнің көрсетуі негізінде ғана «кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс» екенін шеше алмайтындығын айтып, судья Мұрынбаевтың талап-тілегін ашық қалдырған. Шәміловтің талап-тілегіне қатысты да осындай қаулы қабылдаған.

Одан соң куәларды сұрау басталып, бірінші болып (ал жалпы 38-ші) «Семсер» күзет фирмасының қызметкері Оразбеков Айт шақырылған.

Прокурор: 16-желтоқсан оқиғалары жөнінде не білетініңіздің бәрін сотқа айтып беріңіз.

Оразбеков: Мен және менің Сұлтан есімді әріптесім Киікбай Ешмановтың («ӨзенМұнайГаздың» бұрынғы басшысы) үйін күзеттік. Шамамен 17:00-де үйдің қақпасына беттерін тұмшалап алған 10-15 жас жігіт жақындады. Сөзбен қорқытулардан кейін олар шабуыл бастады. Біз қашып кеттік.

Прокурор: Олардың қолдарында не болды?

Оразбеков: Оған назар аудармадым.

Адвокат Әлібиев: Күзет кезінде сіз ауланың ішінде болдыңыз ба әлде сыртында болдыңыз ба?
Оразбеков: Біз ауланың ішінде болдық.

Әлібиев: Сіздер күзетке барарда алған қару кімге тіркелген еді?

Оразбеков: Білмеймін.

Әлібиев: Қару кімде болды?

Оразбеков: Винчестер мәшинаның багажнигінде жатты.

Әлібиев: Ал, күзетке шығарда сіздерге қаруды кім берді?

Оразбеков: Есет, фамилиясы есімде жоқ. Ол бізде жұмыс істейді.

Әлібиев: сонда Есеттен қаруды кім алғаны сіздің есіңізде жоқ па?

Оразбеков: Білмеймін.

Әлібиев: Ал винчестерді мәшинаға кім салды?

Оразбеков: Сұлтан, мен қолыма қару ұстап көрген емеспін, тіпті атқан емеспін.

Әлібиев: Ешмановтың үйіне шабуылдаған жас жігіттердің сырт бейнесін суреттеп беріңіз - түр сипатын, жасын, бойын...

Оразбеков: Менің бар айтарым - олар жас жігіттер, беттерін тұмшалап алған.

Әлібиев: Болған жағдай жөнінде сіз жұмысыңызда кімге рапорт бердіңіз?

Оразбеков: Бастықтардың біріне, фамилиясын ұмыттым.

Әлібиев: Винтовканы тартып алу әрекеті болды ма, шабуылдаушылар тарапынан?

Оразбеков: Жоқ.

Судья: Сіз Ешмановтың үйі қалай жанғанын көрдіңіз бе?

Оразбеков: Жоқ.

Судья: Сіздің қызмет мәшинаңызға зардап келтірді ме?

Оразбеков: Ия, фарлар мен әйнекті сындырды.

Куә Боқанов Көбенғали, Шетпе поселкесінің тұрғыны.

Прокурор: Роза Төлетаевамен қаншалықты таныс екеніңізді сотқа айтып беріңіз.

Боқанов: Онымен 2-3 жыл тансыпыз, қарым-қатынасымыз жақсы, мен оны Роза апа деймін.

Прокурор: 16-желтоқсан күні сіз онымен телефон арқылы сөйлестіңіз, әңгіме не жөнінде болды, айтып беріңіз.

Боқанов: 16-сы күні, шамамен 14:00-де, мен үшін күтпеген жерден қоңырау болды, Роза апа айтты, «сендер мұнда келмеңдер, ОМОН келді» деп, «бастаңдар» деп қосты, бірақ мен нені бастау керек екенін түсінбедім.

Прокурор судьядан рұқсат алып, айыптау қорытындысынан үзінді оқып берген:

Төлетаева - «Т» Боқанов - «К»

Боқанов - Ия, салаумалейкум.

Төлетаева - Сіз не істеп жатырсыз? Қайдасыз?

Боқанов - Біз ауылдамыз.

Роза - Қай жерде?

Боқанов - Не болып қалды?

Роза - Мұнда бізде тәртіпсіздіктер басталды, Ақтауда қалай, Ақтауда не болып жатыр?

Боқанов - Ия, ия, қазір ғана естідік.

Роза - Мұнда келмеңдер, сонда бастаңдар, егер бастағыларың келсе. Мұнда бізде ОМОНдықтар... (байланыс үзіліп кеткен).

Прокурор: Бұған не айтасыз?

Боқанов: Мен Розаны 3-4 ай көрген жоқпын, оның не айтқанын түсінбедім.

Прокурор: Сіз Розаны 2-3 жыл білесіз, ол сізге кім - туыс, әріптес?

Боқанов: Жәй танысым.

Куә Атырау Досқали.

Прокурор: 16-желтоқсан оқиғалары туралы сотқа айтып беріңіз.

Атырау: Енді мен үйден шығып, алаң маңайына қыдырыстауға бардым. Полицияның адамдарды қалай атқанын көрдім.

Прокурор: Сіз Қойшыбаев Саматпен таныссыз ба?

Атырау: Ия, таныспын. Сол күні оны жолықтырдым, ол қарындасымды іздеп жүрмін деді. Ол кездесу полиция ата бастағанға дейін болды.

Прокурор: Өзіңіздің алдан-ала тергеу кезіндегі көрсетулеріңізде сіз «10-30-да үйден шығып, 11:30-да Қойшыбаевты жолықтырдым, одан: «Қайда бара жатсың, Самат?» - деп сұрадым» дегенсіз.

Атырау: Жоқ, олай емес. Мен оны әйелдер босанатын үйдің жанында жолықтырдым, ол қарындасын іздеп жүргенін айтты.

Қойшыбаев: Сені алдады ма? Ар-ұятыңды қорлады ма? Сені қорқытты ма?

Атырау: Ия, тергеуші маған: «Сенің өзіңді жауапкершілікке тартады», - деді, мені «қамап тастаймын» деп қорқытты.

Адвокат Жәменов: Сіз Өтебеков Жанайдармен таныссыз ба?

Атырау: Ия, таныспын.

Адвокат Бисекешев: Нақты кім қорқытты?

Атырау: Прокуратура қызметкерлері, аттарын білмеймін.

Зияда Өтебекова (кәмелетке толмаған сотталушы Қойшыбаевтың анасы): Мен сені прокуратурада көргем, сені шақырған Өнеров емес пе? Толық, ақсары жүзді адам?

Атырау: Аты есімде жоқ, бірақ толық, ақсары жүзді адам болды.

Қосымша куә Қалиев Мұрат, УБР ұйымының жүргізушісі.

Адвокат Досболов: Мұрат, былтырғы 15-желтоқсан күні сіздің әкеңіз - Таңатар Қалиев үйден қашан кетіп, қашан қайтып оралды?

Қалиев: Шамамен 12:00-де кетіп, 15:00-де оралды.

Адвокат Қозыбағаров: Тергеуде сіздің әкеңіз 15-желтоқсан күні үйде ешкім болған жоқ деген.

Қалиев: Болды үйде адамдар.

Прокурор: Ол кезде сіз қайда істедіңіз?

Қалиев: «Құлан-холдингте», ауысымнан 14-желтоқсанда шықтым.

Қосымша куә Тауарова Айнагүл, Таңатар Қалиевтің жұбайы.

Адвокат Досболов: 15-желтоқсан күні сіздің күйеуіңіз үйден қашан кетіп, қашан қайтып оралды?

Тауарова: Шамамен 12:00-де кетіп, 15:00-ге таман оралды.

Адвокат Досболов: Сіз өзкүйеуіңізді қалай мінездер едіңіз?

Тауарова: Ол менің күйеуім, бес баламыз бар, одан басқа не айтайын?

Адвокат Қозыбағаров: Сіздің күйеуіңіз тергеу кезінде 30 шөлмекке бензин құйдым деген, осыған орай не айта аласыз?

Тауарова: Мұны мен көрген жоқпын.

Судья: Сіз өз үйіңізде тұрсыз ба? Гараж бар ма?

Тауарова: Ия, өз үйімде, гараж бар.

Адвокат Жәменов: тінту кезінде алынған воронка, одна май ізі болды ма?

Тауарова: Көптен ілулі тұрған, тат басқан, тіпті назар аудармаппын.

Судья: мұны одан сұраудың не қажеті бар, воронканы алып қойды ғой?

Адвокат Досболов: Сізде мүгедек бала бар ма? Отбасыңыз жөнінде айтыңызшы.

Тауарова: Ия, 1992 жылы туылған, ең кенжеміз қазір екі жаста, жалпы барлық балаларым өзіммен тұрады, үлкенім үйленсе де.

Одан соң сотталушы Әбдірахмановтың талап-тілегімен сарапшы ретінде СИЗО дәрігері Жаңбырбаев сұралған.

Жаңбырбаев: Бүгінгі таңда Әбдірахманов туберкулезден 5 түрлі дәрі қабылдайды. Кеше іші ауыратынын айтты, «гастрит» деген диагноз қойылып, ем тағайындалды.

Адвокат Әлібиев: Сіз туберкулез бойынша мамансыз ба?

Жаңбырбаев: Жоқ, менің білімім орта арнаулы.

Әлібиев: Туберкулезбен ауыратындарды қалай күту керек екенін айтып берсеңіз.

Жаңбырбаев: Олар дәрілерді үзіліссіз қабылдауы керек, олардікі ерекше диета, жалпы ерекше режим.

Әлібиев: Тамақтану режимі туралы айтсаңыз.

Жаңбырбаев: Олар күніге үш рет тамақтануға тиіс, және қосымша төртінші рет.

Әлібиев: Әбдірахманов сізге соңғы кезде жүрегі айнитынын айтты ма?

Жаңбырбаев: Ия, айтқан, бұл гастриттен болуы мүмкін.

Әлібиев: Сіздер СИЗО-да оған тұрақты тамақтануды қамтамасыз етесіздер деп ойлаймын, бірақ түскі үзілісте сотталушылар осында қалады. Әбдірахмановтың денсаулығы нашарлауы толыққанды түскі ас жетіспеуіне байланысты болуы мүмкін деп есептейсіз бе? Және сотқа қорытынды бере аласыз ба?

Жаңбырбаев: Мен сотқа қорытынды және ұсыныстар бере алмаймын.

Адвокат Сансызбайұлы: Жаңаөзен қаласының ИВС-ынан тұтқындарды алып келген кезде сіз оларды куәландыруға қатыстыңыз ба?

Жаңбырбаев: Ия.

Сансызбайулы: Олардың арасында денесі зақымыдалғандар болды ма?

Жаңбырбаев: Ия, болды. Біз олардың барлығын құжаттап, бейнетаспаға түсіріп, прокуратураға жібердік.

Одан әрі қосымша куәлар Мәмбетсапаева, Ізбанов, Қаниев, Жолдаспаев сұралды:.

Адвокат Әлібиев: куә Жолдаспаев, сіз Ермұқанов Ертайды қайдан білесіз?

Жолдаспаев: Ол менің жұмыс бойынша әріптесім.

Әлібиев: Сіз Ермұқановты қалай мінездер едіңіз?

Жолдаспаев: Мен оны парасатты адам ретінде білемін, отбасымызбен араласамыз.

Әлібиев: Айтыңызшы, сіз оны 16-желтоқсанда жолықтырдыңыз ба?

Жолдаспаев: Біз ауысымнан 16-сына ертеңгілік шықтық. Ауысым таңғы 7-де аяқталады, бірақ мен ертерек сұранып, 6-да кеттім. Ертай Ермұқанов бсқалармен бірге 7-де кетті.

Әлібиев: Ауысымнан кейін сіздерге қаншалықты ұзақ демалу керек?

Жолдаспаев: Қандай ауысым екендігіне қарай, ал 15-інен 16-ына қараған түнде біз скважинадан насос көтердік, жұмыс көп болды.

Әлібиев: Ермаханов спиртті ішімдік іше ме?

Жолдаспаев: Оның жұмыста ішкенін ешқашан көрген емеспін, қатты мас болғанын да да ешқашан көрген жоқпын, бірақ мейрамдарда жолыққанда аздап ішетініміз бар.

Әлібиев: Ермұқанов сізге мейрамды атап өтуге алаңға баратынын айтты ма?

Жолдаспаев: Жоқ, мұны мен естімедім.

Бұдан соң қосымша куәлар Оңалдықов, Ізтілеуова, Әділбекова, Нұрымбетова, Кнәзбаев, Мұхамбетов, Наурызов, Юсупов, Ковальская, Ходжаева сұралған.

Адвокат Қозыбағаров: Досмағамбетов жөнінде не айта аласыздар?

Ходжаева: Мен Досмағамбетовтың баласы баратын балабақшада жұмыс істеймін.

Қозыбағаров: Сіз оны былтыр 15-желтоқсанда көрдіңіз бе?

Ходжаева: Ия, ол сол күні шамамен 17:30-дарда баласын балабақшадан алып кетті.

Прокурор: Мұны сіз неге есіңізде сақтап қалдыңыз?

Ходжаева: Мен өз тәрбиеленушілерімнің әрқайсысын кім алып кеткенін есте сақтауға тиіспін. Оның үстіне Досмағамбетов үнемі дерлік баланы өзі алып кетеді, оның жұбайы басқа баламен үйінде отырады. Баланы өте сирек Досмағамбетовтың анасы алып кетіп жүрді, ал қазір үнемі дерлік әжесі алып кетеді.

Қосымша куә ретінде сот отырысының бірінші жартысында соңғысы болып Айжан мен Парахат Дүйсенбаевтардың анасы Дүйсенбаева Нұрсәуле сұралды. Адвокат Тасқынбаев оның өзі білетін жағдайларды айтып беруін өтінді. Н.Дүйсенбаеваның әңгімесі үзіліске дейін дерлік созылды.

Н.Дүйсенбаева: 16-желтоқсан еліме, халқыма қара түн болды ғой. Ол күн әдеттегідей басталды, тек демалыс демесең. Таңертең менің шалым Ақтаудағы жаназаға бармақ болып жиналды, балалардың бірқатары алаңға барып қыдырыстамақ болды, Парахат әдеттегідей өзінің ереуілдеуші жолдастарына кетті, барлығы менің тоғыз балам бар.  Түске салым менің қызым Айжан Дүйсенбаева жараланды деген хабар келді, мен қатты шошып кетіп, ауруханаға әзер жеттім. Онда толған жаралылар, қан су болып ағып жатыр. Үшінші қабатта қызымды таптым. Аяқтары біртүрлі болып екі жаққа қайырылып кеткен (қолымен көрсеткен). Мен травмотологқа барып, оны көптен білем, қызымның сүйегін орнына салуды ұсындым. Өзім сынықшылық жасайтын адаммын. Бірлесіп сүйектерін орнына салдық. Артынан анықталғаны, менің шалым бұ кезде тап сол ауруханада жатқан, өлі қалпында. Біз оны тіпті іздеген де жоқпыз, Ақтауға жүріп кетті деп ойлап, тек 18-желтоқсанда ғана жоқтадық. Ауруханадан үйге келдім, ұлым Парахат келді, жылаған, үрейлі, алаңда не болғанын, жаралыларды қалай ауруханаға аттандыруға көмектескенін айтты. Оны тыңдаудың өзі қорқынышты болды. Түнде көшеде шу көп болды, айқай-ұйқай, атыс... Біз шошындық, мен терезелерді қалың көрпемен қаптаттым, оқты тұтып қалсын деп.

Келесі күні қызымды көруге ауруханға жүгірдім, ұлдарымды үйден шығармадым. Күйеуімнің Ақтауға жетпегенін білген соң оны іздей бастадық. Ауруханаларды аралап, полиция, ИВС-ке жүгірдік. Таныс полицейлер ұсталғандардың барлығын көргендерін, бірақ менің шалымды көрмегендерін айтты. Ақыры мәйітханадан таптық. Түрлі сылтаулармен оның денесін бергісі келмегесін мен мәйітхананың есігі алдына отырып алдым да, кешке дейін отырдым. Маған ОМОНдықтар келіп, кетуге үгіттеді, бірақ мен қасарып отыра бердім, айттым: «Күйеуімді мұнда қалдырғанша, үсіп өлгенім артық!» - деп. Содан кейін әйтеуір берді мәйітті.

Одан соң жерлеуге дайындала бастап едік, біздің үйдің жанына танкілер тізіле қалды, ОМОНдықтар келді. Жұрт тіпті көңіл айтып кіріп шығуға қорқты. Біз келгендердің бәріне күйеуімнің өлімі туралы анықтаманың көшірмелерін тараттық, ұстаған жағдайда көрсетулері үшін. Мен танкілерге бардым, сонда бір орыс жігіт болған,соған адам жерлейтінімізді түсіндіріп, сәл әрірек тұруды өтіндім. Содан кейін олар шамалап шегініп кетті. Сөйтіп, жерледік. Одан соң мен барлық құқық қорғау органдарын - прокуратура, ҚІІД-ны аралап, күйеуімнің өлімін тексеру жөнінде арыз бермек болып едім, ешқайда қабылдамады. Тіпті Қабыловқа дейін жетіп, көкейімде жиналғанның бәрін айттым. Ал ол: «Апа, маған мұны айтудың қажеті жоқ», - деді. Осында, Ақтауға келіп, облыстың ІІД-іне бардым, мұнда да арызымды алғысы келмеп еді, бірақ кейін алды. Құрметті судья, менің қызымды осы іс бойынша қудалай бастау себебі - күйеуімнің өлімін тексеруді талап еткеніміз деп есептеймін. Менің тек бір өтінішім бар - егер, тіпті, ол және менің ұлым Парахат бірдеңеге кінәлі болса да, оларды кешіріп, босатыңыздар.

Сөз сұраған сотталушы Бөпілов Дүйсенбаеваның күйеуіне қатысты: «Иманды болсын, жаны жаннатта болсын!» - деп көңіл айтып, одан соң күйеуі қандай киімде болғанын сұраған. Ол суреттеген соң, Бөпілов өзінің сол айтылған кісіге ұқсас жаралы, бірақ әлі тірі адамды алып жүруге көмектескендігін мәлімдеген. Және: «Ол, тергеушілер айтқандай, полицейлерге шабуыл жасағандармен бірге жүгірген жоқ, мүлде басқа жерде болды», - деген.

Сот отырысының екінші жартысы судьяның сотталушы Әбдірахмановтың талап-тілегін қанағаттандырусыз қалдырғандығы жөнінде жариялауынан басталған.

Одан соң телекоммуникация компаниясының қызметкері, куә Қараманованы жылдам сұрап болып, «Марат» лақап атты куәні сұрауға көшкен. Ол өзінің көрсетулерінде 16-желтоқсан күні 11:00-де үйден шығып, «Рахат» ықшамауданы жағынан алаңға мерекелік концерт көруге барғанын, жақындағанда алаңда 2000-дай адам көргенін, сахнаның сырт жағында жанып кеткен «КАВЗ» автокөлігі тұрғанын, автобустың жанында «ҚазМұнайГаздың» арнайы киімін және қарапайым киім киіп, беттерін бөкебай мен ақ орамалмен жауып алған адамдар, жас жігіттер, кексе кісілер, әйелдер болғанын, алғашқылар қолдарында тас, таяқ, жанғыш шөлмектер ұстап тұрғанын, олар алаңның ортасымен әкімдік жаққа жүгіргенін, оның өзі жанған автобустың жанымен шырша жаққа жүріп, сахнаны жанай өткенде жанып кеткен музыкалық колонкалар көргенін, шыршаның да құлап, жанып жатқанын, осы кезде 7-8 жас жігіттің қолдарына жанғыш шөлмектер ұстап, төңкеріліп жатқан «Ауди» автокөлігіне қарай оны өртемек болып жүгіргенін, бірақ оларды әлгі арнайы киім кигендер: «Мәшинаға тиіспеңдер, шөлмектерді полицейлер келген кезде жарыңдар, ал мәшина керек болады», - деп тоқтатқанын, бір жігіттің бетін жапқан орамал шешіліп кеткенде ол оның Шәмілов Ислам Талапұлы екенін танып қалғанын, онымен бір ықшамауданда тұратындықтан білетінін, Шәміловтың бұзақы екенін.., қысқасы, айыптау қорытындысында қалай жазылса, солай айтып берген.

Прокурор: Шәміловты қайдан білесіз?

Марат: Бір ықшамауданда тұрамыз, көптен білемін.

Прокурор: Шәмілов тағы не істеді?

Марат: Әкімдіктің әйнектерін шақты.

Прокурор: Сізге оның фотосын көрсетті ме?

Марат: Ия, бірақ мен оны оған дейін-ақ білдім.

Судья: Сотталушылар, сұрақ қоюларыңызға болады.

Өтебеков: Шәміловтың бойы қандай?

Марат: Оның бойы қандай екенін ұмыттым (залда шу көтерілген)

Утебеков: Ол қалай киінген еді?

Марат: Ұмыттым (залда тағы да шу)

Аманжолов: Шәміловпен қай кезден таныссыз?

Марат: Бала кезден.

Аманжолов: Ол қайда тұрады?

Марат: 2-ші ықшамауданда.

Аманжолов: Қай үйде?

Марат: Ұмыттым.

Адвокат: Егер сіз алаңда бірін өзіңіз көрсеңіз, неге үшінші жақтан сөйледіңіз?

Марат: Бәрін өзім айттым (сірә, сұрақты түсінбесе керек)

Адвокат: Сіздің қазір айтқаныңыз неге соңғы нүктесіне дейін айыптау қорытындысында айтылғанға дәл келеді?

Марат: Мен өзім сөйлеймін.

Адвокат: Сіз неге оны «бұзақы» дедіңіз? Ол сізге тиісті ме?

Марат: Бұл менің пікірім.

Адвокат: Мүмкін, сіз мұны ол біреуді ұрып-соққан соң айтқан боларсыз?

Марат: Мен оның қылықтарына қарай ой түйдім.

Адвокат: Сіз оның қай жерден бастап тас лақтырғанын көрдіңіз?

Марат: Алаңның ортасынан... оның шетінен. Ол тастарды алаңның барлық бұрышында дайындап қойған.

Адвокат: Алаңның тасын ол өзі қопарды ма?

Марат: Ия.

Адвокат: Тергеуде сіз басқаша айтқансыз, қай жауабыңыз дұрыс?

Марат: Осы.

Адвокат: Сізге фотоны қайда және қашан көрсетті?

Марат: Есімде жоқ.

Адвокат: Фотографиялар қандай болды?

Марат: Қарауытқан, қара дерлік.

Адвокат: Фотоны көрсеткен кезде қанша адам болды?

Марат: Тергеуші және екі адам.

Адвокат: Әйелдер ме, еркектер ме?

Марат: Еркектер.

Адвокат: Қазақтар ма, орыстар ма?

Марат: Қазақтар.

Адвокат: Сіз Шәміловпен бала кезден таныспын дедіңіз, ендеше неге фотосын сұрадыңыз?

Марат: Мен сұраған жоқпын.

Адвокат: Сұрадыңыз.

Марат: (үнсіздік)

Адвокат: Сонымен, неге «көрсету қажет емес» демедіңіз?

Марат: Мен айттым.

Адвокат: Сізді қандай себеппен фотодан тану үшін шақырды?

Марат: Білмеймін, шақыру қағазбен бардым.

Сотталушылардың бірі: Сен онымен бір мектепте оқыдың ба?

Марат: Жоқ, мен онымен бір мектепте оқыған жоқпын.

Адвокат: Ал бұрын бір мектепте дегенсіз.

Марат: Бұл сұраққа жауап бермеуге рұқсат етіңіз.

Адвокат: Алаңға не үшін бардыңыз?

Марат: Қызықтап бардым, концерт көргім келді.

Адвокат: Тәртіпсіздіктер жөнінде неге полицияға хабарламадыңыз?

Марат: Мүмкіндік болған жоқ.

Адвокат: Лақап ат алу жөнінде өтінішті өзіңіз жаздыңыз ба?

Марат: Өзім.

Адвокат: Қалай және қайда жаздыңыз өтінішті?

Марат: Прокуратурада.

Адвокат: Кімнің атына?

Марат: Білмеймін.

Адвокат: Сіз өзім жаздым дейсіз, онда неге өтініш басылған?

Марат: Қолмен жазғанмын, содан соң басқан шығар.

Адвокат: Сіз басылғанымен танысып па едіңіз?

Марат: Ия.

Адвокат: Егер сіз Шәміловпен бала кезден таныс болсаңыз, айтыңызшы, күйік ізі оның қай жақ бетінде? Жалпы ондайы бар ма?

Марат: Есімде жоқ, назар аудармаппын.

Адвокат: Сізді полицияда ұстады ма?

Марат: Жоқ.

Адвокат: Сізді қай кезден полицияға шақыра бастады?

Марат: Ұмыттым.

Адвокат: Мүмін, сіз өзіңіз құқыққа қайшы әрекеттер жасаған боларсыз?

Марат: Жоқ.

Сотталған Өткелов: Марат, ҚПК-ның 116-бабы бар екен, соған сәйкес сенің қысыммен, қорқытумен берген көрсетулеріңнен бас тартуыңа болады. Бұл жерде біздің тағдырларымыз шешілуде, сен осында келіп, бәрін айтып бере аласың. Құрметті судья, сотқа лақап атпен қатысатын келесі куәлардың барлығына осы баптың қағидасын түсіндіріп отыруыңызды өтінемін.

«Қуаныш» лақап атты куә өзінің 16-желтоқсан күні алаңда Парахат және Айжан Дүйсенбевтарды көргендігін, Айжанның лақап атын білетіндігін айтқан.

Дүйсенбаев: Қуаныш, сен мені қайда көрдің?

Қуаныш: Алаңда.

Дүйсенбаев: Мен кімнің ар-абыройын қорладым және кімге тас лақтырдым?

Қуаныш: Алаңда, полицейлерге.

Дүйсенбаев: Мен дәл қай жерде тұрдым?

Қуаныш: Фонтан жағынан.

Дүйсенбаев: Сен мені қайдан білесің?

Қуаныш: Білем, бір қалада тұрамыз.

Дүйсенбаев: Менің мекен-жайымды айт.

Қуаныш: Сен 2-ші ықшамауданда, «Салтанат» жағында тұрасың.

Дүйсенбаев: Сен прокурор Бауыржансың ғой? Бұрынғы прокурор? Шық бері, осында сөйле!

Судья: Сұрақ қой, Парахат.

Сотталушы Өткелов: Парахат қай мектепте оқыды?
Қуаныш: Білмеймін.

Сотталушы Қойшыбаев: Сенің сөзіңше, Парахат сен тұрған сахнаға қарай қай уақытта жүгірді?

Қуаныш: Алаңда.

Қойшыбаев: Айжан қалай киінген еді?
Қуаныш: Есімде жоқ.

Дүйсенбаев: Сен ИВС-та болдың, сені ұрып-соқты ғой. Інішек, шыныңды айт - саусақтарыңа ине тықты ма?

Қуаныш: Жоқ.

Зияда Өтебекова: Айжанды суретте.

Қуаныш: Киімі есімде жоқ, бірақ мен оны бәрібір таныдым.

Зияда: Сен оны нешеде көрдің?

Қуаныш: Түске дейін, 12:30-ға дейін.

Айжан: Сен неге маған көрсеттің? Мен саған, немене, арамдық жасадым ба?

Қуаныш: Жоқ.

Айжан: Мен 12:30-да ауруханада болдым ғой, сен Құдайдан қорқпайсың ба?

Қуаныш: Қорқам.

Айжан: Менің шашымның түсі қандай? Мен оны төрт жыл өзгерткен жоқпын.

Қуаныш: Мен сені шашыңнан емес, өзіңді таныдым.

Адвокат: Көрсетулеріңді неге ашық бермейсіз?

Қуаныш: Бұл менің міндетім (сірә, сұрақты түсінбесе, не түсінбеген түр көрсетсе керек)

Адвокат: Сіз көрсетулер беруге қашан бардыңыз?

Қуаныш: Есімде жоқ.

Адвокат: Сізге фотографиялар көрсетті ме?

Қуаныш: Ия, өте қарауытқан, қара дерлік.

Адвокат: Куәлар (понятойлар) болды ма?

Қуаныш: Болды.

Адвокат: Сенің Дүйсенбаевтарға жеке жеккөрінішің болды ма?

Қуаныш: Жоқ.

Сотталушы Әспентаев: «Қуаныш» лақап атын сен өзің таңдадың ба?

Қуаныш: Ия.
Әспентаев: Неге сен «Ешкінің құлағы» лақап атын таңдамадың?

Сотталушы Аманжолов: Қуаныш, сен әйелдің лақап атын ашып беруге ұялмайсың ба? Жалпы, атыңды жасырып, әйелге көрсете беруге?

Қуаныш: Үнсіздік.

Одан соң «Мақсатов Қайрат» лақап атты куә сұралып, ол да тергеуде берген көрсетулерін қайталаған: «Алаңда отбасыммен болдым... Тас лақтырған бір жігітті көрдім... 11-лер шамасында, тәртіпсіздіктер басталған соң, кетіп қалдым... Полицияға шақырды... Фотографиялар көрсетті... Фото бойынша тас лақтырған жігітті таныдым... Ол Телегенов Бауыржан болып шықты...»

Прокурор: Өзіңіз көргеніңіздің бәрін нақты суреттеңіз.

Мақсатов: Телегенов сахна жанында тас лақтырды.

Прокурор: Оның қасында кім болды?

Мақсатов: Қара киім киген адамдар.

Прокурор: Сіз таныған Телегеновтың киімі?

Мақсатов: Есімде жоқ.

Прокурор: Жас шамасы?

Мақсатов: Шамамен 20-25.

Адвокат Батиева: Сіз алаңнан нешеде кеттіңіз?

Мақсатов: Шамамен 12:00-де.

Батиева: Сіз сахнаның қай жағында тұрдыңыз?

Мақсатов: Ортасында.

Батиева: Тасты қай жаққа лақтырды?

Мақсатов: Шепке қарай.

Батиева: Неге нақты Телегенов сіздің есіңізде қалды?

Мақсатов: Ол белсенді болды, олай-былай жүгіріп жүрді.

Батиева: Сізді прокуратураға қашан шақырды?

Мақсатов: Есімде жоқ.

Батиева: Қандай фотографиялар көрсетті?

Мақсатов: 4 фотография.

Батиева: Тану жүрген кезде сіз тек тергеуші екеуіңіз болдыңыз ба?

Мақсатов: Тағы екі адам болды, 30-35-терде, қазақтар.

Батиева: Егер сіз бұрын Телегеновты білмесеңіз, не себептен лақап аттың артына жасырынасыз?

Мақсатов: Мен Жаңаөзенде тұрамын ғой, солай шештім.

Адвокат Сансызбайұлы: Сіз қателесуіңіз мүмкін деп ойлайсыз ба?

Максатов: Жоқ, мен қателеспеймін.

Судья: Хатшы, бүгінге тағы да лақап атты куәлар қалды ма?

Хатшы: Жоқ.

Одан әрі куә, полиция қызметкері Оразов Орынбасар сұралып, ол 16-желтоқсанда алаңды қоршауда болғанын, бейнетаспаны қараған кезде, қоғамдық тәртіп бұзғандардың бірін танығанын, ол Ақжігітов болып шыққанын, алаң ортасында тұрған мұнайшылардың қолдарынан тас, таяқ,шөлмектер көрмегенін, мұндай заттардың кейін пайда болғанын, біреу оны арқасынан итергенін, бірақ оның дәл кім екені есінде қалмағанын айтқан.

Адвокат Сәрсембина: Сізді қанша рет сұрады?

Оразбаев: Екі рет.

Сәрсембина: Сіз «Өлтір оларды!» деген шақыруларды естідім дедіңіз, мұны айқайлаған кім, Ақжігітов па?

Оразбаев: Жоқ, мен кімнің айқайлағанын көрген жоқпын.

Адвокат Батиева: Сахна сізден қандай қашықтықта болды?

Оразбаев: Жамамен 20-30 метр.

Адвокат Қозыбағаров: Сіз кетіп бара жатқанда автобус КАВЗ жанды ма?

Оразбаев: Жоқ, тек терезелері сынып тұрды.

Сотталушы Дүйсенбаев: Сіз жарақат алдыңыз ба?

Оразбаев: Жоқ.

Бұдан соң адвокат Әлібиевтің ұсынысымен қосымша куә Жайлыханов Ерлан шақырылды.

Әлібиев: Сізді полиция 16-желтоқсаннан кейін ұстады ма?

Жайлыханов: Ия.

Әлібиев: Сіз бұған дейін осы сотта көрсетулер бердіңіз бе?

Жайлыханов: Ия, бердім (таңданғаннан судьяның көзілдірігі маңдайына шығып кеткен)

Әлібиев: Қашан көрсетулер бергеніңізді айтыңыз.

Жайлыханов: кеше, «Оразбаев Алмаз» лақап атымен.

Әлібиев: Осы іс бойынша қалай куә болғаныңызды айтыңыз.

Жайлыханов: Мені 27-желтоқсан күні полицияға алып кетіп, қорқытты, ұрып-соқты («талқан қылды»), Берденмен (осы іс бойынша куәлардың бірі) беттестірді. Ол күні түнгі сағат 3-те босатты. Мен сол түні суық пен қорқыныштан дірілдеп, өз-өзіме келе алмадым. Тергеушілерден сұрадым: «Қазір қайда барам? Комендант сағаты жарияланды ғой?» - деп. Үйге жеткенше тағы да солдаттар ұстап, жауып қойды, маска киген адамдар ұрып-соқты. Таңартең жіберді. Бір күннен соң тағы да үйден алып кетіп, әлдебір екі қағазға қол қойғызды. Кейін әлсін-әлсін алып кетіп, қол қоймасам, оларға керегін істемесем жауып тастаймыз деп қорқытты. Мен тіпті үйден шығуға қорқатын болдым.

Әлібиев: Қай жерде сіз шындықты айттыңыз?

Жайлыханов: Осы жерде және бүгін, кеше мен өтірік айттым.

Әлібиев: Сіз алаңда болдыңыз ба?

Жайлыханов: Жоқ.

Әлібиев: Тергеуде айтқаныңыздың бәрін сіз қайдан алдыңыз?

Жайлыханов: Мені үйретті, дәл солай айт деді.

Әлібиев: Сізді ұрып-соққан, солай сөйлеуге мәжбүрлеген адамдарды тани аласыз ба?

Жайлыханов: Жоқ, тани алмаймын, онда әртүрлі адамдар болды.

Судья: Қайда тұрасыз?

Жайлыханов: Рахат ықшамауданы, дачаларда.

Судья: Отбасы бар ма?

Жайлыханов: Ия, анам, әйелім және балам, әкем жоқ.

Адвокат Әлібиев: Полицейлер тарапынан тағы қандай қорқытулар болды?

Жайлыханов: Басыңа целлофан пакет кигізіп, тұншықтырып өлтіреміз деді.

Әлібиев: Сіз Ермұхановтың анасымен бірге Бас прокурорға хат жаздыңыз ба?

Жайлыханов: Ия, жаздым.

Әлібиев: Мына хат сіздің қолыңызбен жазылған ба? (оқуға берген)

Жайлыханов: Ия, дәл осы.

Әлібиев: Сіз сотқа келгіңіз келді ме?

Жайлыханов: Ия, келгім келді, міне, келдім. Осында келе жатқанда өте қорқтым, жасырынып келдім, полицейлер үнемі менің соңымнан аңдумен жүр.

Әлібиев: Кеше сізді полицейлер алып келді ме?

Жайлыханов: Ия, ескертпестен жұмысқа келді де, барып, бір қағаздарға қол қою керек деді, тағы да қорқытты. Осында лақап атпен көрсетулер берген соң таксиге отырғызып жіберді, өзіме өзім тек Жаңаөзенде ғана келдім (залдағы бір әжей: «Ой, сұмдық-ай!»).

Әлібиев: Осында өзіңіз жала жапқандарға жек көрініш болды ма?

Жайлыханов: Жоқ, прокуратурада фотографиялар көрсетті, фамилиялар мен есімдерді атады. «Соларға көрсет» деді. Ертай Ермұқановты көптен білем, оған жақсы қараймын. Қалғандарын білмеймін дерлік, мүмкін, бір-екі рет көрген шығармын, есімдерін фотоларды жайып салғанда ғана білдім.

Әлібиев: Тану қайда жүрді?

Жайлыханов: ҚІІД-де, мені бір қараңғы жерге апарды.

Әлібиев: Сіз өзіңізді мәжбүрледі деп есептейсіз бе?

Жайлыханов: Ия, солай есептеймін.

Әлібиев: Прокурорлар мен полицейлердің үстінен шағым жазасыз ба?

Жайлыханов: Жоқ, мені тек босатып жіберулеріңізді өтінем (жылап жіберген).

Адвокат Қозыбағаров: Кеше көрсетулер берген кезде бөлмеде жаныңызда кім болды?

Жайлыханов: Әлдебір қыз.

Адвокат Сәрсембина: Соттың, әділеттіліктің, құқықтың бар екендігіне көзіңіз жетті ме?

Жайлыханов: Ия.

Сәрсембина: Сіз соттан оның сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуін өтінесіз бе?

Жайлыханов: Ия, мен өте қорқамын, өйткені маған бірдеңе қыстыра салуы мүмкін ғой.

Адвокат Батиева: Сізге қандай қауіпсіздік шараларын қолданды және ұсынды?

Жайлыханов: Күзет ұсынған, бірақ мен бас тарттым.

Сотталушы Өтебеков: Інім, қорқпа. Рахмет саған. Құрметті судья, біз бәріміз оның сөздеріне куәміз, өтінем сізден, оны қудаламаңыздар және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер.

Адвокаттар Әлібиев, Тасқынбаев, Бисекешев куәлар Боженко мен Жайлыхановтың көрсетулері негізінде «Оразбаев Алмаз» бен «Алпысбаев Кайраттың» көрсетулерін істен шығарып тастау жөнінде талап-тілек жасаған. Сондай-ақ, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінген.

Судья процесс тарптарының пікірін сұраған. Сотталушылар мен адвокаттар талап-тілекті қолдаған, прокурорлар асықпауға кеңес берген, өйткені «Оразбаев Алмаз» лақап атымен жасырынған адамның дәл Жайлыханов екендігіне сенімді емес екендіктерін айтқан. Лақап атты адамдардың шын аты-жөндері бар конвертті тараптар пікірталасынан соң ашқанша күте тұруды ұсынған.

Судья: ҚР ҚПК-нің 116-бабын, Жоғарғы соттың қаулысын назарға ала отырып, хатты тексеру үшін прокуратураға жолдаймыз. Біржақты шешім қабылдай алмаймын, сондықтан талап-тілектерді ашық қалдырамын.

Екі қосымша куәні сұрағаннан соң жәбірленуші тарап - Халық Банкісінің өкілін тыңдаған. 12 миллион 680 мың теңге көлеміндегі шығынды жариялаған Банк өзінің талаптарынан бас тартпаған.

Сот отырысының аяғында адвокат Бисекешев судьядан «Алпысбаев Қайрат» лақап атты куә, ал шын мәнінде - Александр Боженко қашан сұралады деп сұраған. Судья: «Ол куәнің дәл мекен-жайы анық емес, қалай анықталады, солай шақырылады», - деп жауап берген.

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 26-сәуірі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321