Атқылаудан кейін Бун Гуриона атындағы әуежай уақытша жабылып, ғимараттағы адамдар эвакуацияланды. Тель-Авивке бара жатқан ұшақтар Кипрге жөнелтіліп жатыр.
Жалпы соңғы тәуліктерде Палестина Израиль аймағына 600-ден астам зымыран ұшырған. Олардың көбін зымыраннан қорғану жүйесі атып түсірген, бірқатары Ашкелон қаласындағы екі тұрғын үйге тиген. Сейсенбі күні кешкісін Израиль басылымдары аталған қалада екі адам қаза болып, ондаған кісі жарақат алғанын хабарлады.
Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті ХАМАС және "Ислам жихады" радикал топтары өзіне алды.
Abai.kz