Халық санағы онлайн форматта өтеді
Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде өтеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез келген уақытты таңдай алады, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады.
«Aitu» мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылмақ.
Abai.kz