Жұма, 15 Мамыр 2026
5088 0 пікір 20 Мамыр, 2021 сағат 20:05

Тоқаев Рахмонды Қазақстанға шақырды

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19-20 мамырда Душанбеде ресми сапармен болды.

Келіссөздер барысында президенттер бірқатар ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды.

Тараптар тәжік-қазақстан қатынастарының жай-күйін, саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетудің перспективаларын талқылады. Аймақтық және халықаралық дейгейде күн тәртібі түрған мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Эмомали Рахмонға жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты және оны Қазақстанға жауап сапарымен келуге шақырды. Тәжік президентінің сапары дипломатиялық арналар арқылы келісілмек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2738
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1858