Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
5347 0 пікір 21 Мамыр, 2021 сағат 11:38

Белгілі актер Фархат Әбдірайымов өмірден өтті

Көпшілікке Фара деген атпен танымал қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды. 

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған.

- Бүгін, 56 жасында белгілі қазақстандық актер және продюсер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды. Актердің туыстарының айтуынша, өлімге инфаркт себеп болған.

"Қазақфильм" киностудиясының ұжымы Фархат Нұрсұлтанұлының отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Бұл бүкіл қазақстандық кино үшін үлкен қаза.

Актермен қоштасу күні мен орны кейінірек хабарланады, - делінген хабарламада.

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Ол 20-дан аса фильмде эпизод, басты рольдерде ойнаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2531
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663