Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2841 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 10:17

Атырауда күшті жел «Қазақстан-1» телеарнасының шатырын жұлып кетті

Атырауда күшті жел «Қазақстан-1» телеарнасының филиалының шатырын жұлып кетті, деп Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Кеше кешкісін күшті жел «Қазақстан-1» телеарнасының филиалының шатырын жұлып кетті. Желдің екпіні күшті болғаны соншама, шатырдың жартысын жұлып кетті, ал екінші жартысы салбырап тұр», - деді ТЖД мамандары.

Хабарда айтылғандай, осы себепті эфир тарату жұмысы 4 сағатқа тоқтап қалған. Одан басқа, темір қаңылтыр сынығы осы маңда қаңтарулы тұрған Lexusавтокөлігінің төбесін қақ айырып түсірді. «Сәтін салып, автокөлік ішінде ешкім болмапты», - деді баспасөз қызметінен. 
Қазір шығын мөлшері анықталуда.

Қазақстан ТЖМ нақтылағандай, 2 мамыр күні 16.25 сағатта жылдамдығы 17-22 м/с, екпіні 25 м/с болатын күшті жел «Қазақстан-Атырау» РТРК АҚ ғимаратының 640 м2 шатырын жұлып кетті. Одан басқа, Атырау облыстық ҚАЖКБ  №9-шы тергеу абақтысының  80 м2шатырын жұлып кетті.

Адам шығын мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл ретте облыстық ТЖД дауылдық ескерту жариялап, 3 мамыр күні Атырау облысында түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 20-25 м/с болады (екпіні 30 м/с болады), деп ескертті. ТЖ департаменті халықтан жеке бас қауіпсіздігін сақтап, алысқа сапарға шықпауды ескертіп, мекеме бсшыларынан жағдайдың күрделілігіне қарай барлық қауіпсіздік шараларын қарастыруды сұрайды.

Дереккөз: ҚазТАГ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377