Маск: SpaceX-тің Украинаға көмектескені қателік болды
Миллиардер репост жасаған жарияланымда былай деп жазылған:
«Өткенге көз жібере отырып, SpaceX соғыстың басында Украинаға мыңдаған тегін Starlink антеннасын жіберіп, ай сайын миллиондаған доллардың қызметін ұсыну арқылы қателік жіберді деп айтуға болады.
Бастапқыда бейбіт тұрғындарға арналған интернет желісі ретінде бастау алған жоба кейін автономды жауынгерлік дрондардың негізіне айналды. Енді компания бұл технологияның әскери мақсатта қолданылуын қолдамаса, баспасөзде оны осы үшін қатаң сынға алады», - деп жазды миллиардер.
Abai.kz