Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2796 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 10:18

БҰҰ Солтүстік Кореяның 3 компаниясына санкция салды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның мемлекеттік үш компаниясына қарсы санкция салды. Санкция Пхеньянның өткен айда БҰҰ-ның тыйым салғанына қарамастан ғарышқа спутник ұшыру әрекетіне жауап ретінде жасалып отыр.

Сәуірдің ортасында Солтүстік Корея ұшырған спутник ғарышқа шыға алмай, теңізге құлаған еді. Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония мұны спутник емес, баллистикалық зымыран деп санаған.

Санкция салынған компаниялардың Пхеньянның ядролық бағдарламасы мен қару-жарақ саласына қатысы бар. Санкция бойынша, компаниялармен сауда жасасуға тыйым салынады және олардың шетелдердегі активтері бұғатталады.

АҚш пен Еуропа Одағы Солтүстік Кореяның басқа да ондаған компаниясына қатысты санкция салмақ болған. Бірақ оған Қытай қарсы шықты.

Дереккөз: аzattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381