Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4503 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 11:17

7 Ата

Сәлеметсіздер ме қүрметті замандастар!

Сіздермен  «7-АТА» сайт алаңында қауышқанымызға өте жоғары баға беріп отырмыз. Өйткені,  ғаламтордағы қазақ қауымының жасап жатқан жобалары және атқарып, араласып жатқан бастамалары көңіл толтыратындай көп емес. Солардың санын  және сапасын жоғарғы деңгейге көтеру уақыт еншісінде. Қазақстан жұртшылығына  жаңа көзқараспен, заманның талабына сай, жасалған жобаны  сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. «Көш жүре түзеледі»- дегендей, кем-кемшілік болып жатқан жағдайда, әрқашан сіздердің талап,ұсыныстарыңызды ескеріп жобамызды алдыңғы қатарға қоюды, мақсат етіп отырмыз. Бәрімізге белгілі «жеті ата» дәстүріміздің қанымызға сіңіп ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз келеді. Бұл дәстүрді ұстанып отырған жер шарында халықтар саусақпен санардай, солардын ішінде қаймағы бұзылмай, осы күнге дейін жеткізген біздердің ата-бабаларымыз, қазақтар!

Сәлеметсіздер ме қүрметті замандастар!

Сіздермен  «7-АТА» сайт алаңында қауышқанымызға өте жоғары баға беріп отырмыз. Өйткені,  ғаламтордағы қазақ қауымының жасап жатқан жобалары және атқарып, араласып жатқан бастамалары көңіл толтыратындай көп емес. Солардың санын  және сапасын жоғарғы деңгейге көтеру уақыт еншісінде. Қазақстан жұртшылығына  жаңа көзқараспен, заманның талабына сай, жасалған жобаны  сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. «Көш жүре түзеледі»- дегендей, кем-кемшілік болып жатқан жағдайда, әрқашан сіздердің талап,ұсыныстарыңызды ескеріп жобамызды алдыңғы қатарға қоюды, мақсат етіп отырмыз. Бәрімізге белгілі «жеті ата» дәстүріміздің қанымызға сіңіп ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз келеді. Бұл дәстүрді ұстанып отырған жер шарында халықтар саусақпен санардай, солардын ішінде қаймағы бұзылмай, осы күнге дейін жеткізген біздердің ата-бабаларымыз, қазақтар!

Уақыт- үлкен төреші,адамзат тарихынан талай қилы заман өтсе де, бәрімізге ең қымбат ол - ұрпақ және оның тән, ден- саулылығы. Осы орайда сал - дәстүрімізді ұстануымыз абзал. «Жеті ата» дәстүрінің өмірге келу тарихында талай жұмбақтар,қарама қарсы ойлар бар. Біздің сайтымызда осы мәселерге өз ой- пікірлеріңізді,қандайда болса мәлімдемелер мен дәлел-дәйектеріңізбен бөлісіп, халыққа   жәрия етіп, насихат етуге мүмкіндік туылып отыр.Жаппай жаhандану кезінде осындай дәстүрімізді сақтап қалу, болашақ буынға жасаған жақсылық, қазақтың өсіп көбейуіні үлкен ықпал етеді.

«Жеті ата» заңдылығы: жеті ата аспай қыз алысуға болмайды! Ол үшін әр қазақ, өзінің жеті атасын білуі керек. Өкінішке орай «совет» үкіметінің саясатының арқасында халқымыз көптеген жақсы салт, дәстүрлерімізді ұстану тұрмақ, кейбіреулерін ұмыт қалдырдық. Соның ішінде біраз кісілер жеті атасының есімдерін естен шығарып алды. «Ештен кеш жақсы»- деп, «жеті ата» дәстүріне қайта жаңа талпыныс-дем беріп,  заманың озық құралдарын пайдаланып, ұмыт қалған аталар мен аналарымыз есімдерін іздеп тауып, ол кісілерге шежіреміздің төрінен орын беріп, тарихымызға  ұмытылмас етіп жазайық.  Біз жасаған бағдарлама ішінде көп сұрақтарға жауап, іздеген туыстарды да табуға болады.

Ұсынылып отырған  ғаламтор алаңында жеті сұраққа жауап , шешім тауып халық игісіне беру. мақсаты көзделіп отыр.

1. «Жеті ата» дәстүрімен қалың ғаламтор азаматтарына жеткізіп, осы модельді насихаттау

2. «Жеті ата» дәстүрінің туылу тарихын табу (ғылыми дәлел)

3. Басқа халықтардан осы дәстүрді іздеп табу, тарихын зеттеу.

4. Біздің қоғамдағы «жеті атаға» қатысты түрлі институттардың  жұмыстарын жариялау.

5. Ғаламтордан білім алу бағдарламасын жасау.

6. Заңдастыру

7. «7-АТА» жанұялық шежіресін жасау,іздестіру, кітап шығару, түрлі қызмет көрсету (бұл жұмыстар ақылы)

«7-АТА» сайтында сіздер осы жеті атаға қатысты турлі мәліметтерді, оқып, көріп, естіп және жазып алуларыңызға мүмкіншілік бар. Адам баласының табиғатын зерттеп, ұрпаққа қалдырған ағзадағы «генетикалық құпияның» кілтін жасап жатқан ғылым - генетика. Қазіргі уақытта талай жетістіктермен  мақтана алады. Әлі алда ашылмаған жұмбақтар аспандағы жұлдыздай. Осы жайлы әр қашан хабардар боласыздар, тарих беттерін қайта қарайсыз.

Енді «7-АТА» шежіресіне тоқтала кетсек. Мұнда сіздер  білетін жеті ата (бала, әке, ата, арғы ата,баба, түп ата, тек ата) есімдерін және сол кісілерге қатысты қандайда болмасын мәліметтерді енгізе аласыздар (фото,видео,аудио, жазба). Бұл деректерді шектеулі рұқсат беру арқылы орналастыруға болады. Біздің бағдарлама осы жобаға қатысушы азаматтар арасынан сіздердің алыс жақын, туыс екендігіңізді шамалап айқыдап ақпарат береді. Жеті атаға дейінгі туыстарды бір- бірімен  таныстырып отырып, қыз алыспау керек екендігін еске салып отырады. Жаңа туылған ауру нәрестелеріміздің 7-11% ұрық қуалау арқылы келген,  балаға жасалған қиянат. Оның алдын алу жолы  жеті атаға дейін неке қимау.

Қазақстанда 2011 жылы 160000 жұп неке заңдастырылды. Осы ғашықтарымзға бақытты болсын дейміз! Өкінішке орай көптеген жұптар уақыт өте ажырасып кетеді. Себеп түрлі, соның бірі - жастарымыздың салт-дәстүрімізге жеңіл көңілмен қарау. Жанұялық өмірдің бақыты перзент көру болса, нәрестенің денсаулығын неке қимай тұрып  білуіңізге қазіргі медицина көмек көрсетеді.  «Жеті ата» дәстүрін сақтап, жұптасып жатқан кісілеріміз, ұрық қуалайтын нәресте ауруларынан   сақтанудың ақиқат жолы. Бұл заңдылықты бүкіл дүние жүзіндегі белгілі генетика ғылымының ғалымдары дәлелдеді.

Ата тегіміздің есімдерін тарихта қалдыру сіздің қолыңызда. Жас буынға жақсы дәстүрге, дұрыс таңдау жасауға, жол салайық..

Ұмытылмас тегім, баянды болашақ үшін!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371